1 / 21

40714b09-4eeb-4495-b8c3-193f564ea84e (1)

u0410u043eu0435u0443 u043du043bu0433u043bu043d u043du043eu043d

Asan
Download Presentation

40714b09-4eeb-4495-b8c3-193f564ea84e (1)

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Жұқпалы үрдіс патофизиологиясы. Сепсис Дайындаған: Таттыбай.Б Факультеті: ЖМ 13-014-1 Қабылдаған: Қасенов.Б

  2. Жоспар: • Жұқпалық үрдіс • Жұқпалық үрдістің түрлері • Макро және микроорганизмдердің өзара қатынасының түрлері • Жұқпалық үрдістің патогенезі

  3. Жұқпалық үрдіс кезінде организмнің ағзалары мен жүйелері қызметтерінің бұзылыстары: жүйкелік, иммундық, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің, сыртқы тыныс жүйесінің. • Сепсис және сепсистік сілейменің этиологиясы және патогенезі. • Жұқпалық үрдісті емдеудің ұстанымдары.

  4. Жұқпалық үрдіс Жұқпалар сезімтал организм мен микробтардың өзара әсерлерінен дамиды. Жұқпалы аурулардың басқа аурулар сияқты өздерінің себепкер ықпалдары (этиологиясы) мен даму жолдары (патогенез) болады.

  5. Қызба(жұқпа әсерлерінен фагоциттерде өндірілетін эндогендік пирогендердің ықпалынан ) • Қабыну (тін бүліністеріне жауап ретінде дамиды) • Гипоксия (тотығудың бұзылыстарынан, өкпе гиповентеляциясынан) • Дистрофия (бастапқы кезде-катаболизм, соңында-анаболизм процестері басым)

  6. Жұқпалық үрдістің түрлері • Сепсис – жұқпалардың бүкіл денеге жайылған ауыр түрі. Бұл кезде міндетті түрде дерт туындататын микробтардың денеге жайылуынан организмнің жүйелі қабынуы дамиды.

  7. Септикопиемия – науқас адамдардың әртүрлі ағзалары мен тіндерінде іріңді ошақтардың қалыптасуымен сипатталатын түрі. • Бактериемия, вирусемия, фунгиемия – бактериялардың, вирустардың, майда саңырауқұлақтардың қанда болуымен, бірақ олардың онда өсіп-өну белгілері болмауымен көрінетін түрі. • Салдарлық жұқпалар – организмде бар бір жұқпалы ауру кезінде екінші бір микробтардан туындаған жұқпалы ауру түрі.

  8. Микстинфекция – бір мезгілде бірнеше микробтардан дамитын жұқпалы ауру түрі. • Реинфекция– науқас адам сауыққаннан кейін сол дертті туындатқан микробтың әсерінен жұқпалы аурудың қайталануы. • Суперинфекция – науқас адам сауықпай жатып, сол дерт туындатқан микробты қайта жұқтыруы.

  9. Макро және микроорганизмдердің өзара қатынасының түрлері • Паразитизм • Мутуализм • Комменсализм

  10. Микроорганизмдердің денеге ену жолдары: • Тері арқылы (безгек, бөртпе сүзек) • Тыныс алу жолының шырышты қабығы арқылы (тұмау, қызылша, скарлатина) • Ас қорыту жолының шырышты қабығы арқылы (ішсүзегі, сатқақ(дизентерия), тырысқақ) • Несеп-жыныс жолдарының кілегей қабықтары арқылы (мерез, ЖИТС) • Қан және лимфалық тамырлардың қабырғалары арқылы вирустық гепатит, қан құйғанда)

  11. Жұқпалық үрдіс кезінде организмнің ағзалары мен жүйелері қызметтерінің бұзылыстары • Жүрек қан тамыр жүйесінде бактерия уыттарының әсерінен дамиды: • су мен электролит алмасуының бұзылыстары • ҚСҮ бұзылыстары • қан құрамы мен қасиеттерінің өзгерістері

  12. Осы себептен: *жүрек аритмиясы *коронарлық қан айналым жеткіліксіздігі*жүректе майда қан айналымның бұзылысы*жүрек қызметінің жеткіліксіздігі

  13. Сыртқы тыныс жүйесінде: • Өкпеде ауа алмасу бұзылады • Өкпе ұяшықтарында гиповентеляция дамиды • Гипоксия Ас қорыту жүйесінде: • Тәбеттің жоғалуы • Ішек-қарын жолдарының сөліністік қызметі бұзылады

  14. Жүйке жүйесінде: • Су электролит алмасуы бұзылады • Нейрондарда әрекет потенциалының қалыптасуы бұзылады • Бастапқы кезде қозу үрдісі, артынан тежелу үрдісі басым болады • Сандырақтау, елес • Галлюцинация • Ұйқы қашу • Қобалжу • Бас ауыру

  15. Сепсис және сепсистік сілейме Сепсис – жүйелі қабынулық серпілістер синдромы дамуына әкелетін белгілі айқындалған жұқпа ошағының болуын айтады. Көрсеткіштері: • Қанда бактериялардың тұрақты болуы (бактериемия) • Қабынулық бүліністердің ауқымды ошағы болуы

  16. Сепсистік сілейме АҚ сынап бағанасы бойынша 90 мм-ден төмен түсіп кетуімен көрінетін сепсистік синдром және бұл кезде тамыр тарылтатын дәрілер әсер етпейді.Бұл кезде иммундық жүйенің тежелуі болады. Оған иммундық тежегіш заттардың (кортизол; интерлейкиндер 4,10; простагландин Е2) қанға түсуі әкеледі.

  17. Жұқпалық үрдісті емдеудің ұстанымдары Туындатқан себепкер ықпалға қарсы Аурудың даму жолындағы маңызды тетікті үзу Симптомдарын жою немесе азайту

  18. Пайдаланылған әдебиеттер: • Әділхан Нұрмұхамбетұлы «Патофизиология» 2011ж • В. В. Новицкии «Патофизиология» • http://kk.wikipedia.org • 1referat.kz • http://stud24.ru

More Related