1 / 14

Шығыс Қазақстанның аңдары

Шығыс Қазақстанның аңдары. Аю Ұ зындығы 2 метрдей, салмағы 250 кг болады. Қ ара қоңыр түсті. Алтай аюы қазан-қарашадан наурыз –сәуірге дейін ұйқыда болады. Маусым –шілдеде күйлеп, жеті айдан кейін 1 – 3 қонжық туады. Ө сімдік , жануарлармен қоректенеді. Аюлар 30 жыл өмір сүреді.

Download Presentation

Шығыс Қазақстанның аңдары

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Шығыс Қазақстанның аңдары

  2. АюҰзындығы 2 метрдей, салмағы 250 кг болады. Қара қоңыр түсті. Алтай аюы қазан-қарашадан наурыз –сәуірге дейін ұйқыда болады. Маусым –шілдеде күйлеп, жеті айдан кейін 1 – 3 қонжық туады. Өсімдік , жануарлармен қоректенеді. Аюлар 30 жыл өмір сүреді.

  3. ҚасқырКүшті, батыр, ержүрек, айлакер жыртқыш. Үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын. Дене ұзындығы 100-130 см, салмағы 25-30 кг. Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады. Аналығы 12-14 бөлтірікті дүниеге әкеледі.Оны табиғат санитары деп те атайды. Әлсіз, ауру жануарлармен олардың өлекселерімен қоректенеді. Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді.

  4. Бұлан Бұғылар тұқымдасына жататын ірі, сүтқоректі тұяқты, жануар. Шоқтығының биіктігі 2 м жетеді. Салмағы 600 кг. Аталықтарында күрек тәрізді мүйіздері болады, аналығында мүйіз болмайды. Шөппен, бұтақтармен, бұталармен қоректенеді. Мамыр –маусым айында төлдейді.

  5. Арқар Дене пішіні орташа, ұзын аяқты жабайы қой. Дене тұрқы 2 м, аталығының салмағы 200 кг, аналығы одан кішілеу болады. Шиыршықталып бұратылған мүйізі бар.Биік таулардың тегіс, ашық жерлерін мекендейді.Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

  6. МаралСүтқоректі. Биіктігі 150-155 см. Салмағы 300 кг-нан асады. Мүйіздері 6-7 тармақты. Емдік қасиеті өте күшті. Мүйізінен жасалған дәрілер шетелге шығарылады.

  7. Елік Орманды далада өмір сүретін жануар. Аталығының ең жоғарғы салмағы 37 кг, аналығы одан кішілеу болады. Мүйізі кішілеу, үш тармақты. Шөппен, бұталармен, қоректенеді.Аналығы баласын тоғыз ай көтеріп, 2-3 әдемі төлдері туады. Еліктер 12 жыл жасайды.

  8. ТүлкіҚасқыр тұқымдас. Денесінің ұзындығы 70-77 см, салмағы 6-7 кг, құйрығы ұзын-55 см дейін болады. Жұптасып тіршілік етеді. 50-60 күннен кейін аналық түлкі 15-ке дейін (көбіне 4-5) күшіктеп, жәутігін дүниеге әкеледі. Ұсақ кеміргіштермен, тышқандармен қоректенеді.

  9. ҚарсақТүлкіге ұқсас, бірақ едәуір кіші. Дене ұзындығы 45-60 см, құйрығы 35 см, салмағы 1,7-3,2 кг. Жұптасып өмір сүреді. Сарышұнақ, суырлардың індерін пайдаланады. Өздері інді сирек қазады. Кеміргіштермен, құстармен қоректенеді. Наурыз-сәуір айында төлдеп, 3-6, 16-ға дейін жәутік әкеледі.Қарсақтар 5-6 жыл өмір сүреді.

  10. ҚоянҚоянтәрізділер отрядына жатады. Денесінің ұзындығы 50-70 см, салмағы 4-6 кг. Артқы аяғы алдыңғысына қарағанда ұзынырақ, сондықтан секіріп жүгіреді. Жылдамдығы - сағатына 70 км. Аналығы жылына екі рет, 6 көжектен әкеледі. Қояндар 12 жылдай өмір сүреді.

  11. Борсық Дене түрқы 75 см. асады.Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.Борсық - өте таза жануар. Олардың індері үш ауызды болады. Борсықтар қыста ұйқыға кетеді. Бірақ, қыстың жылымық күндерінде оянып інінен шығатын кездері де болады. Борсықтың терісі мен майын ем үшін қолданады.

  12. ҚұнуСусар тұқымдас жыртқыш, сүт қоректі. Борсыққа ұқсас, дене ұзындығы 1 м, салмағы 30 кг болады. Аяқтары ұзын, құйрығы қысқалау. Жеке тіршілік етеді. Тұяқты және басқа жануарларды түнде аулайды. Өлексе, жидектермен қоректенеді. Аналығы ақпан-сәуірде 2-3 төлін дүниеге әкеледі.

  13. СілеусінӨте ірі мысық тұқымдас. Салмағы 37 кг-ға дейін болады. Кеміргіштермен, құстармен қоректенеді. Жылына бір рет балалап, 2-3 марғау туады. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

  14. БарысЕң ірі мысық тұқымдас. Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларын мекендейді. Саны 200-ден аспайды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

More Related