1 / 27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНА МӘЛІМЕТТЕР. АСТАНА - 2012.

sasson
Download Presentation

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНА МӘЛІМЕТТЕР АСТАНА - 2012

  2. ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚ, ҚАТЫГЕЗДІКТІҢ АЛДЫН – АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

  3. ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІ Зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі)

  4. ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР

  5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛАРЫ ҚР Конституциясы (17- б. 2 т.) «Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.» «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (67- б) Ата-аналар балаға қатысты қатігездік іс әркеттер жасағанда, ата-аналық құқығынан айыруға дейін жауапкершілікке тартылады Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (12-тарау, 111-117 б.) жауапты тұлғалар балаға қатысты зорлық көрсеткенде, жасаған қылымысының ауырлығына қарай жауапкершілік нормасы тағайындалады. ҚР Қылмыстық кодексi (133-б) Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сатуға және қанауға тыйым салынады, 5 жылдан - 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі (49 - б) Ата аналары және заңды өкілдері, балаға физикалық және психикалық денсаулығына зиян келтірген жағдайда, оның рухани дамуына, сонымен қатар баланы тәрбиелеу тәсілінде адамның қасиетін кемсіту, қатыгез, дөрекі қарым – қатынасы, баланы балағаттау немесе қанау, сонымен қатар дене жазаларын қолданған жағдайда ата-аналарға жауапкершлік қарастырылған

  6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛАРЫ ҚР Баланың құқықтары туралы Заңы (10 – б, 2-т) Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғаудыжүзеге асырады ҚР Білім туралы Заңы (14-б) білім беру мекемелерінде білім алушыларға және тәрбиеленушілерге физикалық, моральдік және психикалық қысым көрсетуге жол берілмейді ҚР «Отбасы негізіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі туралы» Заңы (17-б) Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу:    дәлелдi себептер болған жағдайда (сырқаттануына, отбасы жағдайының өзгеруiне байланысты және өз мiндеттерiн орындауға мүмкiндiгi болмайтын басқа да жағдайларда), тәрбиешi-аналардың бастамашылығы бойынша;   тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оларға бiлiм беру үшiн басқа да қолайсыз жағдайлар туындаған кездерде, қорғаншы және қамқоршы органдардың және (немесе) балалар ауылы әкімшілігінің бастамашылығы бойынша;      баланы (балаларды) ата-анасына қайтарған немесе оны (оларды) асырап алған, сондай-ақ баланы (балаларды) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге берген жағдайда; балаларды отбасына беру туралы шарттың талаптары бұзылған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн. ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы (17-б) Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының  заңдарында  белгiленген жауаптылықта болады ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы (23-бап) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды кемсiтудiң барлық нысандарынан, күш көрсетуден немесе психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекi қарым-қатынастан, сексуалдық және өзге де пайдаланудан қорғауды жүзеге асыруға, өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтауға және т.б. құқылы ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы Білім беру саласындағы уәкілетті орган:арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың келісімімен бекітеді;    тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне мұқтаждарының мониторингін жүргізуді және оларға талдау жасауды қамтамасыз етеді;    білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді.

  7. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ Америка Құрама Штаты. «Полиция заңы» қызмет етеді. Полиция отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда отбасымен жұмысқа ерлі-зайыптылар кеңестерін, отбасы соттарын, заңгерлік көмек қызметтерін, психологиялық агенттіктерді, баспаналарды, әйелдер орталықтарын, шілкеулер, құрбандар мен куәгерлерге көмек көрсету орталықтарын, алғашқы әлеуметтік көмек агенттіктерін, құтқару армиясын және т.б тартады. Зорлық-зомбылық болған жағдайда полиция жәбірлеушілерге «сақтау ордерлерін» береді, олар жәбірленушіленушілердің үйіне жақындауға, олармен сөйлесуге тыйым салады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау үшін міндетті түрде хабарлау туралы заңдар қабылданған. Мұнда ауруханалар, әлеуметтік қызметкерлер және өзге де қызметтер балаға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі туралы міндетті түрде хабарлауға жауапты. Великобритания. Отбасылық саясат полицияларды тұрғын үй зорлық-зомбылығы туралы туралы барлық істерге белсенділікпен араласуға, құрбандарға көмек көрсетуге, оларға баспана және құқықтық қорғау беруге, сондай-ақ зорлық-зомбылықты анықтау үшін құрбанның көршілерін, туыстарын сұрастыруға міндетті түрде жауапты етеді. Германия. Полиция қызметкерлері қылмыс құрбандарына көмек көрсететін қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынасты іске асырады. Полицияның кез келген бөлімшесінде арнайы карточкалар болады, оны толтырған жәбірленуші полициядан және «Ақ сақина» қоғамдық одағынан көмек пен қолдау ала алады. Отбасында зорлық-зомбылықтан жәбірленушіні анықтауда полицияның түсіндіру жұмыстары, олардың буклеттер мен үнпарақтарды шығаруы үлкен ықпалын тигізеді. Израиль. Мектепке дейін және кішкентай мектеп жасындағы (1-4 сыныптар) балаларды және олар арқылы ата-аналарды полиция жұмысымен таныстыруға, қоғамдық орындарда және жолда жүріп-тұрудың басты ережелеріне, таныс емес адамдармен өзін қалай ұстау керектігіне үйретуге бағытталған «Мен және менің полицейім» атты акция өткізіледі. АҚШ

  8. Институционалдық деңгейде қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдыналудықамтамасыз ету БҒМ ІІМ ЕХӘҚМ ДМ Медициналық көмек ұйымдастыру Департаменті Ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасы Медициналық ұйымдар Жастарісіжөніндегі Комитеті Мектепкедейінгі және орта білім департаменті Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті Еңбекжәнехалықты әлеуметтік қорғау департаменті Мемлекеттікеңбек инспекциясы Әкімшілік полиция Комитеті Ювенальді полицияның бөлімшесі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі

  9. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (жұмыс органы – ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (жұмыс органы – ҚР Білім және ғылым министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (жұмыс органы – ҚР Әділет министрлігі) Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық комиссиялар

  10. ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ Жоғарғы сот Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратура Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Әділет министрлігі Әділет министрлігі Жергілікті атқарушы органдар Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсмен) ҚР Спорт және денешынықтыру Агенттігі ҚР Президенті жанындағы әйелдер істеріжәне отбасылық-демографиялық саясатжөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия Ү Е Ұ Б А Қ

  11. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢАЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ • мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын дайындайды; • бағдарламалық құжаттарды бекітеді; • ведомствоаралық өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді;. Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі Жергілікті өкілеттіоргандар • аймақтықбағдарламалық құжаттарды бекітеді; • жергілікті бюджетті бекітеді және оның орындалуын бақылайды; • аймақтықбағдарламалық құжаттарды дайындайды және іске асырады; • ведомствоаралық өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді; • көмек беру жөніндегі ұйымдардықұрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді; • тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зәбір шеккен, қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды анықтайды және есепке алады; • арнайы әлеуметтік қызметтің көрсетілуін ұйымдастырады. Жергілікті атқарушыоргандар

  12. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚАТЫГЕЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІ Ішкі істер органдары • бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іскеасырады; • нормативтікқұқықтық актілердіәзірлеуге қатысады; • тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасыжөніндегі шаралардыжүзеге асырады; • бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерінорындамайтыннеместиісіншеорындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасайтыната-аналардынемесеолардың орнындағы адамдардыанықтайды; • профилактикалық есепкеалудыжүргізеді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады; • тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінемесолардың жасалуқаупі туралыөтініштер мен хабарламалардысолжергебарыпқарайды және олардың жолынкесужөніндегі шаралардықолданады; • жәбірленушілерді көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға немеседенсаулық сақтау ұйымдарына жібереді; • қорғау нұсқамасын шығарады; • әкімшілік ұстауды жүргізеді; • қылмыстық ізгетүсуді, , әкімшілік құқық бұзушылық туралыістержүргізуді жүзеге асырады; • қылмыстық ісжүргізудің мәжбүрлеу шараларынқолданады; • жәбірленуші қауіпсіздігінің қылмыстық-құқықтық шараларынқолданады; • ішкіістероргандарықызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымәселелері бойыншаарнайыоқу курстарынұйымдастыруды қамтамасыз етеді; • тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы криминалогиялық болжамдыжүзеге асырады;

  13. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚАТЫГЕЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІ • Статистикалық көрсеткіштердің объективтілігін, толықтығын, жеткіліктілігін қамтамсыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есептер жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы заңдылықтардың қолдануын қадағалауды жүзеге асырады Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп Комитеті • Арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарынәзірлейді; • Жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасынаенгізеді; • Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасысаласындағы нормативтікқұқықтық актілердіәзірлеуге қатысады; • Наркологиялық, психологиялық, психиатриялық, емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Денсаулық сақтау саласындағы құзіретті орган • Арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарынәзірлейді; • Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасысаласындағы нормативтікқұқықтық актілердіәзірлеуге қатысады; • Білім беру ұйымдарының білімалушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсынушылық мінезқұлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар менәдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасынаенгізеді. Білім саласындағы құзіретті орган

  14. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ Психологиялық, медициналық және құқықтық көмек көрсету жүйесі Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Әлеуметтік педагогтар – 4346 Педиатрлар –6660 Ішкі істер министрлігі Психологтар –9084 Психиатрлар –1869 Мектеп инспекторлары – 1753 Ювеналды полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары - 993

  15. БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР МЕН ПСИХОЛОГТАР

  16. ЮВЕНАЛЬДЫҚ ПОЛИЦИЯ МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫ Мектеп инспекторларының барлығы 2012 жылы – 1753, 2011 жылы – 1601

  17. ШҰҒЫЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ Ісқозғалған: қатыгездікфактілерібойыншақылмыстық істер - 21 Жасөспірімдерді қоғамға жат қимылдарға итергені үшін қылмыстық жазаға тартылғандар - 3 адам Бала тәрбиелеудегіміндеттерінорындамаганыүшінәкімшілікжазағатартылғандар - 2,6 мың. ата-ана Ата-анақұқығынан айырлығандар- 856 чел. ОПМ Аймақтық кәмелетке толмағандар ісіжәне олардың құқықтарын қорғау комиссияларының отырыстарындақаралған - 900 материалдар

  18. ЖАС ӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ

  19. 2004 - 2012 жылдар аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстар туралы мәлімет (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі Комитеттіңкөрсеткіштері)

  20. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстар туралы мәліметтер (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі Комитеттің 2011 және 2012 жылдардың 10 айындағы салыстырмалы көрсеткіштері)

  21. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстар жөнінде мәліметтер (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі Комитеттің 2011 және 2012 жылдардың 10 айындағы салыстырмалы көрсеткіштері)

  22. СЕКСУАЛДЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

  23. ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚҰРБАНДАРЫН АНЫҚТАУ Ұлттық жүйе «150» Сенім телефондары ҚР БҒМ үлгісі бойынша зорлық - зомбылық туралы азаматтардың жүгінулерін қарау АҚПАРАТ ТАРАТУ ТӘСІЛДЕРІ Қоғамдық қабылдаулар Халық Құқық қорғау органдары Ақпараттық ресурстар Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ҮЕҰ БАҚ 2012 жылы әр түрлі қызметтерге барлығы 318 жүгіну түсті

  24. ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР

  25. ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ КҮШЕЙТУ ШАРАЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНДАР

  26. ШЕШУ ЖОЛДАРЫ: Зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу және қатыгездікке ұшыраған балаларды оңалту жөнінде ведомствоаралық жоспар әзірлеу Жайлы отбасылық қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша үкіметтік емес секторлармен бірлесіп ведомствоаралық өзара іс-әрекеттестікті белсендіру Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға психологиялық, құқықтық көмек көрсету қызметінің жүйелерін дамыту Халықаралық тәжірибеге сүйеніп зорлық-зомбылық мәселесі бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу және мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру Тұрғындарың құқықтық мәдениетін көтеру, зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің түрлерімен және жәбірленушілерге көмек көрсету жолдары туралы ақпараттандыруды арттыру

More Related