1 / 12

МЕКТЕП ТЫНЫСЫ

МЕКТЕП ТЫНЫСЫ. Қазақ әдебиетінің классигі Әбділда Тәжібаевтың « Кешеден келдік , бүгінге жеттік іркілмей , Қалды да артта қанша жыл , сезілмей бізге бір күндей », деп жырлайтыны бар.

prentice
Download Presentation

МЕКТЕП ТЫНЫСЫ

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. МЕКТЕП ТЫНЫСЫ ҚазақәдебиетініңклассигіӘбділдаТәжібаевтың «Кешеденкелдік, бүгінгежеттікіркілмей, Қалды да артта қаншажыл, сезілмейбізгебіркүндей», депжырлайтыны бар. ТәуелсізҚазақстанныңкешегісікелмескекеткендей. Осыданжиырмабіржылбұрынәлемдікгеосаясаттажаңамемлекеттердіңбіріболғанедік. Тап солжылыТәуелсіз еліміздеалғаш ретсайлауөтіп, 1991 жылдың біріншіжелтоқсанында Қазақстан халқы біріншіретөз Президентінедауысберді. Бүкілхалықтық саясинауқанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ ССР-нің Тұңғыш Президентімандатынаиеболды. Солайдың 10-шы жұлдызында Президент заңды түрде қызметіне кірісті. АзаттықалғанАлашбаласыныңалдында ант қабылдады. Президенттікқызметке кірісе сала, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-інҚазақстан РеспубликасыдепатаутуралыЗаңға қол қойды. Ал, 16 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық Заң күшіне енді. Осылайша, 86-да қазаққақайғыәкелгенжелтоқсанараға 5 жылсалып, қуанышсыйлады. Аз уақыттақазақжұртыҚазақстанныңТұңғышПрезидентікүнінатапөткеліотыр. «ҚазақстанРеспубликасындағымерекелертуралы» Заңбойыншабұлмемлекеттікмерекесанатында. Аталғанмейрамбиылалғашреттойланбақ. Күнтізбеде қызыл әріппен белгіленгенжаңа мерекенің руханимазмұны бай болмақ. Міне, біркездерібүкілхалықтықсаяситаңдауөткенкүнараға 21 жылсалып, өзгешеөң, жаңамазмұнменқазақхалқыүшінүлкен тойболғалытұр. Тойымызқұтты, қайырлыболсын!!! №5 Қараша-желтоқсан, 2012 жыл «Жүрген жанның артында ізі қалар, Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар» М.ЖҰМАБАЕВ МемлекетбасшысыНұрсұлтан Назарбаев «ҚазақстанРеспубликасыныңмерекелерітуралызаңынатолықтыруларенгізутуралы» заңғақолқойды. ОғансәйкесбіріншіжелтоқсанТұңғыш Президент күніретіндежаңамемлекеттікмейрамболыпбекіді. Бәрі болған қазақ сынды көне елде, Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер  де. Жаһандағыеңжауынгерхалықта, Кімсенеді Ту болмадыдегенге ? Бас білгізіпжертарпығантарпаңға, Жасытұрмақшығадыекенқартыаңға. ҚалайоныңЕлтаңбасыболмайды, Түлігінедейінсалсаен – таңба ?! Батырлыққауызынанжарыған, Ер түркінібайрағынантаныған. Өзіақын , өзіәншіхалықта , КімайтааларболмағандепӘнұран?! Ендібүгінөлгентуымтірілді, Әнұранымалдыжаулапғұмырды. БосағадақалыпкелгенЕлтаңбам, Баяғышатөрімекепілінді. Мерейім, нұрланабер, азатКүнім,Көрейінбақытымныңазаттығын.ТауымдытамылжытқанбостандықтанТанылды бар әлемгеқазақбүгін. М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия

  2. Тұңғыш Президент күні мерекесіқарсаңында гимназиямыздабіршама іс-шараларатапөтілмек.Атаулыкүнгеорай, тәуелсізеліміз бен елбасынаарналғаноқушыларшығармалары мен өлеңдерін оқырманназарынаұсынамыз НұрсұлтанӘбішұлы – біздіңтұңғышпрезидентіміз. Солүшін де ыстық, солүшін де қымбат. Біздіңелбасымыз бала кезіндеөтежақсыоқып, парасатты бала, дарындыоқушыболғанекен. Теміртауқаласындаеңбекжолынбастап, адалқызметініңарқасындабиіктердібағындырғандейді. Қазірдебейбітелдібасқарып, көпкеүлгіболыпотыр. Биыл 1 желтоқсан президент күнідепаталып, республика бойыншатойланады. Бұлатаулымерекеде мен елбасымызғаамандық, елімізгетыныштықтілеймін!!! Амина Мұстафина, 4Б сыныбы Елбасымыз ұлтының үмітін ақтап, елді ел қылды, дербес, егеменді Қазақстан мемлекетінің негізін қалады, іргелі мемлекет құрды. Ең бастысы, мұның бәріне жанжалсыз, жасампаздық арқылы жетті. Бұндай жетістік – бірлікті елі, білікті төрі, дана басшысы бар қоғамның ғана қолынан келеді. Еліміздің бейбіт өмір сүруін халық тілейді, күн-түн армандайды. Қазақстан тәуелсіз әрі көп ұлтты мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» - деген киелі сөз менің дархан еліме арнап айтылғандай. Себебі, Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауыр деп біліп, тату өмір сүреді. Елбасы өзінің жолдауларында жастарға, олардың сапалы білім алуына көп көңіл бөледі. Бізге жол сілтеуші жұлдыз елбасымыз барда, еліміз ешқашан адаспайды деп білемін! Нүркен МҰХАММЕДИЯ, 9А сыныбы Мен өз елімді, жерімді, отанымды мақтан етемін. Өз отанымды құрметтеймін. Мен осы топырақта туып, осы топырақта өстім. Көркемдігіне көз тоятын ғимараттар да, жазира дархан шартараптар да осы мен туған елде. Мен өз еліммен мақтанамын. Аружан АМИНОВА, 4А сыныбы Қазақстанның байтақ жерлері, Елбасының армандарын тербеді. Мақтанарлық ел жасады, Тәуелсіз Қазақстанның ерлері. Қазақстан достығы жарасқан, Тіршілігін тыным алмай жаңартқан. Сүйеміз біз елімізді, Тамырын кеңге таратқан. Асқар-асқар беліміз, Ұлан-байтақ жеріміз. Отанымыз аман болсын, Елбасыға бас иеміз. Даяна АДАНТАЕВА, 4 Ә сыныбы • «Отан» дегенжасжүрегімненшыққанасылсөздімақтанышпен, асқақтықпенайтааламын. Бізгеқазіргібақыттыкүнімізоңайлықпенкелгенжоқ. Еліміздіңболашағыүшін, келерұрпақтыңбақыттығұмырыүшінаянбайеңбекеткен ер-азаматтар аз емес. Әрине, солардың көш басындаелбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Өзелімніңжиырмажылдықғұмырындаауызтолтырыпайтаржетістігі, көкірегіңемақтанышұялатыпмақатанарлықкөрсеткішіжетерлік. Қазақелідесе, шалқығаншалғын, жазиралыжайлау, түтінібудақтағанауылелестейді. Осындайелдісүймесіңе, олелменмақтанбасқа бола ма! • Саягүл АХМЕТОВА, 8Ә сыныбы Мен Қарағандықаласындатұрамын. Айналакүннен-күнгеқұлпырып, көркейіпкеледі. Біздіңқамқорелбасымызбізүшін, болашақүшінкөптегенмектептерсалғызды. Балалардыңбілімдіболуынакөпкөңілбөледі. Біздіңқаламызда да сәулетті «Назарбаев мектебі» бой көтерді. Елбасынаризалығымды білдіріп, мектептерінен тек мықты шәкірттер түлеп ұшса екендептілеймін! Арнұр ТАМИН, 4В сыныбы 2

  3. Атан тартқан ауыр жүк мойныңызға артылды, Түсінген жан едіңіз дәстүрім мен салтымды, Бір Алла өзі жар болсын, Бастай бер, баста, халқыңды!!! НҰР АТАМ САЛҒАН АСТАНАМ Астана – елбасымыз арман еткен қала. Ертегі әлемнің ғажайып сарайындай қаланың көркі көздің жауын алады. Оны теледидардан көрген бір бөлек, көзбен көрген тіпті бөлек. Сөзбен айтып жеткізе алмас суретті мен осы қаладан көрдім. Ертең мен де ел азаматы болып, ел сүйсінер істер жасағым келеді. Осындай сұлу қала салдырған елбасына ризамын. Медина РУСЛАН, 5 Б сынып оқушысы Қазақ халқының егемендік алып, өз алдына ел бола алатынына күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ, өзінің мақсатты ісіне ары мен намысын ту еткен елбасымыз бар күмәннің тас-талқанын шығарды. Қазақ халқы - әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы – бауырмалдығында, бейбіт өмір сүйгіштігінде , даналығында. Ел Президентін құрметтейді, «хан біреу болу керек, қалғаны оған тіреу болу керек» деген есті сөзді есте сақтап, береке-бірлігімізден адаспай, елбасымызбен мақтана білуіміз керек! Әйнел НҰРМАҚ, 10 Ә сыныбы Өзің барда бұл өмірде Нұр ағам, Мен қуанбай қалай ғана тұра алам. Қиын қыстау замандарды өткерген, Алып шықтың жолдан талай бұралаң. Жайна-жайна, құлпыра бер нұр қала, Күннен-күнге күн нұрымен нұрлана. Көз тартады анадайдан мұндалап, «Бәйтерегің» ел символы тұр дара. Қазыбек РАМАЗАН, 8 Б сынып оқушысы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Шамалған ауылындағы Қарасай батыр атындағы орта мектептің «Шапағат» тарихи-өлкетану мұражайында елбасымен кездесу болған, сол кездесуге ұстаз ретінде менің әжем де қатысыпты. Мұражай меңгерушілері тұңғыш президентіміз жайлы балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі өмір жолы туралы мәлімет жинаған екен. Нұрсұлтан Әбішұлы мектептегі кезінен қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, жас болса да, бас бола алатын қабілетімен көзге түскен оқушы екен. Колхоз шаруашылығының жұмысына оқушыларды ұйымдастырып апарған уақыттарда елбасымыз әдемі қоңыр дауысымен көбіне ән салады екен. Алғыр оқушысының елбасы болғанына әжем мақтанады. Мен әжемнің елбасының ұстазы болғанымен мақтанам, елбасыммен мақтанам. Айғаным ИГИСИНОВА, 8 А сыныбы Құс ұясыз болмайтыны сияқты, адам отансыз болмайды. Мен өз отаным – Қазақстанымды жақсы көремін. Басынан қанша қиындықты, аштықты өткерген елімнің қайыспас қара нардай мықтылығына мақтанам. Болашақта өз отанымның дамуына аз болса да үлесімді қосамын. Әр тасы, әр гүлі қымбат елім үшін ешқашан аянбаймын. Өйткені мен осы далада дүниеге келдім. Фариза ЗАРЛЫҚОВА, 8 Ә сыныбы Мен ең алдымен туған тілімнің барына, кең байтақ қазақ жерінде дүниеге келгеніме, төл теңгемнің, ұлттық рәміздерімнің, өнегелі елбасымның барына қуанамын. Қазақтың қаһарман баласы, білікті данасы Нұрсұлтандай дара тұлға тұрғанда болашағымның жарқын боларына сенемін! Абзалбек АБАЙ, 7 Ә сыныбы 3

  4. «Өзтіліменсөйлескен, өзтіліменжазғанжұрттыңұлттығыешуақыттақұрымайды» А.Байтұрсынұлы • «Тілі өлген ел-тірі өлген ел»деген сөз • жаныңмен ұқсаң арыңа тиіп, ақылға • шақырады. Әр халықтың бүкіл • ғасырлар бойы жинаған қазынасы өз • тілі. Тіл құдіреті жоғары, мәртебесі • биік, ешкімге бағынбайды, • иілмейді. Тіл адамдықтың белгісінің • бірі. Тілсіз білім жоқ, ал білім өмірдің • шырағы. Жер бетіндегі ұлы • адамдардың баршасы өз тіліңді • құрметтеу жөніндегі келелі сөздерін • түйіп кеткен, тек осы сөздерді тіл • мерекесіне орай ғана еске түсірмесек • екен... • АЯУЛЫМ Бекболатова, • 9А сынып оқушысы Биылұлтымдепөткенұлытұлға, кемеңгерқоғамқайраткері, ұлтұстазы, ғалым, ақынАхметБайтұрсынұлыныңтуғанына -140 жыл Қыркүйек айы мектеп оқушылары үшін айтулы мерекелерімен ерекшеленеді. Білім күнінен кейін келетін «Тілдер мерекесі» мектебімізде жыл сайын қызықты өтеді. Оқушылар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде түрлі сайыстарға, сыныптан тыс сабақтарға, конференцияларға қатысып, білімдерін шыңдайды. Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – халық айнасы» атты онкүндіктегимназияда белгіленген әрбір мерекелік іс-шара үш тіл аясында өтті.Онда «Тілім – тұғырым» шығармалар конкурсында жүлделі орын алған оқушылар шығармашылықтары жарияланды. «Тілім – тұғырым» шығармалар конкурсына 5-11-сыныптардан 23 оқушы қатысты. І орын – 9А сынып оқушысы Бекболатова Аяулым; ІІ орын – 11Б сынып оқушысы Жантемірова Ардақ; ІІІ орын – 6Ә сынып оқушысы Мұстафина Аяулым иеленді.«Бір шаңырақ астында», «Қазақстан – достық мекені» деген атпен 1-6-сыныптар арасында суреттер көрмесі өтті. Онда: І орын – 6 Б сынып оқушысы Оразбек Арсен; ІІ орын – 1Б сынып оқушысы Базылбек Мағжан; ІІІ орын – 5Ә сынып оқушысы Артықбаева Томирис пен 6 Ә сынып оқушысы Қуаныш Нұртілеуге бұйырды.Барлық сыныптарда «Қазақстан - достық мекені» атты өнеге сағаттары өтті. Ағылшын тілінде 8-сыныптар арасында М.Касимова «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны өткізсе, 6-сыныпта А.Монтаеваның ұйымдастыруымен «How is your English?» тақырыбында, 9-сыныпта Б.Адамованың ұйымдастыруымен «A language world» тақырыбында сайыс сабақ өтілді. З.Ошыбаева 10-сыныпта оқушыларды басқа ұлттардың тілін құрметтеуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, бір-біріне деген қарым-қатынастарын қалыптастыру мақсатында сайыс сабақ өткізді. Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына байланысты кітапханашы М.Альжанова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р. Абдирова оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, оқушылар үш тілде пікірсайыстар жүргізді. М.Ботаканова, Б.Баспақовалар «Тіл – халық айнасы» атты қорытынды кешті ұйымдастырып, онкүндік барысында өткен іс-шаралар қорытындыланды. Жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.Тіл мамандары тілдерді дамыту, оның аясын кеңейту мақсатында бірлесе жұмыс атқарып, ана тілдін мерейін өсіруде аянбай қызмет етіп келеді. «Тіл – халық айнасы» атты кештен 4

  5. Мектеп өмірі – қайнап жатқан күрес... ҚарМТУ-де «БізҚарағандылықтар»фестиваліаясында«Қарағандыныңғылымипотенциялыныңдамуыаумақтықбәсекелестікқабілетінқалыптастыру» атты І ғылымипрактикалықконференциясыөткізіліп, оғанҚарМТУ, ҚарМУ-діңстуденттеріжәнемектепоқушыларықатысты. Аталғанконференцияғагимназиямыздың9 "Б" сыныпоқушылары: Орныхан А., Ыдырысова У., Бабалиева А., Бақтыбаев А., Исина Д., АуғалиевДиарқатысып, өзжобаларынұсынды. "Ескерткіштілқатады" СабитМұқановатындағыкөшедеМұқановтыңескерткішінорнату" аттыбұлжобаныАуғалиевДиаржоғарыдеңгейдеқорғапшықты. ЖобажетекшісіМадинаКадыровна мен жобаға қатысушылар мақтауға иеболып, сертификаттарменмарапатталды. «Алькогольтұтынудан  бас тартудыңұлттықкүніне» орайжәне 2012 жылдың 22-31 қазанаралығындаалькогольдішамадантыстұтынудыңалдын-алубойыншаонкүндікболыпөтті. Онкүндік аясындагимназиямыздакөптеген іс-шараларжүргізілді. «Жат қылық пен жаманды – аздырадыадамды!» аттыөнегесағатыөткізілді. Өзін-өзі тану пәнініңмұғаліміСекербекСерікбекұлыныңұйымдастыруымен 8-сыныптар арасында «Салауаттыөмір – тәрбиекөзі» аттыдөңгелекүстелболып, ондамаңызды да, мазмұндытақырыптарқозғалды. Соныменқатар, облыстықнаркологиялықорталықтыңдәрігерлері 9-сыныптармен «Ішімдік – ғасыр дерті» аттытақырыпта кездесуөткізіп, тренингтержүргізді. • Қарағанды облысыбойынша педагог қызметкерлердің біліктілігінарттыруинститутының ұйымдастыруымен қала мектептерінің директорлары мен оқу-тәрбие ісімеңгерушілері гимназия -мызда "E-learning" электрондыоқыту жүйесі аясындаіс-тәжірибе алмасты. Динара Амангелдіқызының бастауыменжүргізіліп отырған информатика пәні мұғалімдерінің жұмысына қонақтар өз ризашылық- тарынбілдіріп, алғыстарын айтты. • Бетті дайындаған: • С. Ахметова 5

  6. Гимназиямыздың 10 –сынып оқушылары Күнесбек Индира мен Ғалым Арғынның жыр әлеміне қанат қаққанына да біраз уақыт болды. Қолдарына қалам алып, үп еткен желді өлеңге қосқан ақынжанды екі оқушымыздың аяқ алысы көңіл қуантарлық. Оқушы жүрегінен шыққан сөз шекері оқырманға ой тастар деген ниетпен жауқазын жырларын жарияладық. • ҚОС ҚАРЛЫҒАШҚА ҚАНАТТАРЫҢ ТАЛМАСЫН, • ӨЛЕҢ ӨЛКЕСІНДЕ ЖҰЛДЫЗДАРЫҢ ЖАНСЫН ДЕМЕКПІЗ! Туған жер топырағың қандай ыстық... Мейлі шөл, мейлі жақсы, жаман болсын, Мейлі ауыл, мейлі қыстақ, қалам болсын. Жусанын , жер иісін сағынғанда, Сарғайып іздеп барар далаң болсын. Ол жердің күні де ыстық, түні де ыстық, Сайраған бұлбұл құстың үні де ыстық. Кіндік қан тамған жерім, самғау елім, Біз деген айырылмастай ұғыныстық. Еске түссе сағыныш билейді екен, Туған жер ең мейірлі күндей ме екен. Ей, адамдар, қадірін туған жердің, Елден аттап шықпаған білмейді екен. Өзіме Бақыттымын, Тағдырмен таласпаймын, Күмәнді ғып бағыма бал ашпаймын. Бойда жігер, жүректе сезім барда, Бос сөзімен ешкімнің санаспаймын. Мен адаммын жаралған ет-жүректен, Жақын тартқан жандар көп елжіреткен. Жасқамаңдар, бойымда арманым көп, Мақсатына жетсе деп желбіреткен. Күліп өтем, тұрса да тұнып қайғым, Сөз қуғанға сыртымнан «бұзықтаймын». Өз көңілім өзіме тоярлықтай, Бақытына өзгенің қызықпаймын. Келіспеймін байлықтың кеудесімен, Кеуде де бос мен үшін менменсінген. Қатарында көптің мен жүрсем-дағы, Гүлге ұқсағым келеді, емге өсірген. Жыр тұлпары – Сәбит аға Ұлы бейнең сәуле шашып жарқыраған, Жырларың бар бұлақтай сарқыраған. Халықтың біртуар ұлы, бірегейі, Жаны жарқын, сөзі алтын бабам. Сәбит аға, жырдың асқан тұлпары, Арайланып атты бүгін жыр таңы. Тойлап жатыр ұлы мерейтойыңды, Тәуелсіз ел, бүгінгі күн ұрпағың. • Күнесбек Индира • Зейноллақызы • 10 Б сынып оқушысы 6

  7. Ақындыақыноятпаса, болмайды... Махамбетер еді... Махамбет – батыр, ер еді, Рух берген жанға өлеңі. Бай мен кедей теңдігі, Махамбетке керегі. Тақтан алып Жәңгірді, Басын кессем деп еді. Жасармын деп сол істі, Бір Аллаға сенеді. Намысты қолға ту етіп, Исатайға ереді. Өлімге қиып өз басын, Ел үшін жанын береді. Ер жүрек батыр – Махамбет, Жүз батырға тең еді. Серік қылғаны жанына, Өлең менен күй еді. Қара басынан өзінің, Халқын қатты сүйеді. Махамбет пен Исатай, Асқақ болған беделі. Аянбаған екеуі, Жау қолынан өледі. Жалындап туған жалын от, Жалындап барып сөнеді. Ахмет Байтұрсынұлына Жан аямай еңбек еттің қазаққа, Мойымадың шыдадың талай азапқа. Жазықсыздан атты сені жауыздар, Алаш үшін көргендерің аз-ақ па? Ұнатпадың жалғанды, тек шындықты жақтадың, Сорласа қазақ , сен қол қусырып жатпадың. Қайғыға толы, құса боп өтті өмірің, Көрмедің аға, арайлап таңның атқанын. Қазақ деп ауырды шын жүрегіңіз, Тәуелсіз ел болсақ деп тіледіңіз. Сан жыл бойы өзіңіз армандаған, Азат болып тұр қазір бұл еліңіз... Ананы құтметтеңдер адамдар Мың тоғыз жүз тоқсан алты, аштым өмір есігін, Алғаш айтқан сөзім болды «Ана» деген есімің, Ана деген тербетсе егер бір қолымен әлемді, Тербетеді бір қолымен сәбиінің бесігін. Бар бақытты тіледің қыз-ұлыңа, Жас шағымда қараған қылығыма. Бір үйдің сәнін кіргізген Бала деген ата-ана қызығы ма?! Ақ айдынға салып бақыт кемесін, Қуанышпен, жарқын жүзбен келесің. Аман – есен мені өсіріп, жеткізген, Өзіңізді бір Құдайым демесін. Баласының жай күйіне алаңдар, Аналарға құрметпенен қараңдар. Ей, адамдар, көктен түскен ешкім жоқ, Бағып – қаққан бәріңнің де анаң бар. Ана тілім айбыным Туған тілім – ана тілім айбыным, Қазақ тілі менің шалқар байлығым. Туған тілім тұғырыңда тұрғанда, Қиындықсыз,мұңсыз тірлік, жай күнім. Ана тілім – ең асылым, ардақтым, Жырымды алғаш бір өзіңе арнаппын. Заңғар көкке шарықтасаң сен егер, Бірге шырқап, мен де қоса бармақпын. Осы тілмен ата-бабам сөйлеген, Осы тілмен жан жарасын емдеген. Жаса мәңгі, туған тілім әрдайым, Ғасырлардан аман жетіп өрлеген. • Ғалым Арғын Әділмұратұлы • 10 А сынып оқушысы 7

  8. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда • Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық мектеп оқушыларының Спартакиадасы бағдарламасы бойынша тоғызқұмалақтан өткен жарыста • гимназиямыздың командасы ІІІ орынды иеленді. • Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми- әдістемелік орталығы, оқушылардың облыстық Спартакиада бағдарламасы бойынша «Тоғызқұмалақтан» өткен сайыста мектебімідің 11 - сынып оқушысы Кәрім Нұржан ІІ орынға ие болды. • Ғабиден Мұстафиннің туғанына 110 жыл толуына орай өткізілген • «Сөз мәнері» сайысында 10 б сынып оқушысы Күнесбек Индира • ІІІ орынға ие болды. • Жыл сайын өткізілетін қалалық «Біз –Қарағандылықпыз» фестивалінің, «Мен өз қаламды сүйемін» балалар суреттерінің конкурсында 6-сынып оқушылары Октябрин Мақсат пен Муталипова Милиям арнайы сертификатттармен марапатталды. • Ауған жауынгерлеріне арналған халықаралық таэквандо турнирінде 10 «А» сынып оқушысы Ауқатов Қанат ІІІ орынды иеленді. • Ал, Испания қаласында өткен «Қолданбалы сән өнері» номинациясы сайысы бойынша гимназиямыздың 10 «А» сынып оқушысы Салықова Сәуле І орынға ие болды. • Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілектеспіз!!! Гимназиямыздың11"Б" сыныпоқушысыБіржанова Сабина ҚарағандыоблысыбілімбасқармасыжәнеҚарағанды "Болашақ" университетініңұйымдастыруыменөткеноблыстық"Жас филолог" байқауында ІІІ орыниеленіп, Қарағандыоблысыныңбілімбасқармасы мен Қарағанды "Болашақ" университетіректорыныңграмотасыменмарапатталды. • Ұстаздар мерекесі қарсаңында гимназия- мыздың білікті мамандары, білімді ұстаздарыБейсямбековаТұрсын Мұстафақызы мен АкульбековаНұрбақытЗаркешевнабілімберу саласындаҚарағанды облысыәкімінің сыйлығына тағайындау конкурсынақатысқаны үшін Қарағанды облысыәкімінің сертификатыменмарапатталды. • Ұстаздарымызды еңбектеріне табыстілеп, марапатымен • ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 8 Бетті дайындаған: Әділ Нұрғалиев

  9. «Күз ханшасы мен ханзадасы - 2012» Берекелі күз айында аталып өтетін кештердің бірі «Алтын күз» мерекесі. Гимназиямызда «Алтын күз» мерекесіне орай 5-7 сыныптар арасында «Күз аруы» байқауы, ал 8-10 сыныптар арасында «Күз ханшасы мен ханзадасы» атты сайыс болып өтті. «Күз ханшасы мен ханзадасы» сайысы 11 «а» сыныбы мен сынып жетекшісі Нұржанова Шолпан Өзбековнаның ұйымдастыруымен4 кезеңді қамтып, үлкен мерекелі кешке ұласты. 1- жұптарымен вальс биі , 2- күз тамашалары видеоролик, 3 - караоке ән кеші, жұптарымен ән шырқау, 4-күз таңғажайыптары, яғни қол өнері. Кеш жоғары деңгейде, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды. • Кеш қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» 10 «Ә» сынып оқушылары Байжігітова Дильфуза мен Рсай Дархан жеңіп алды. Дархан әсіресе, 3-кезеңде өзін жаңа қырынан танытып, халық әнін тамылжыта орындағанда көрермен дамылсыз шапалақ ұрудан жалықпады. І орын 10 «А» сыныбының жұбы Галидоллаева Назира мен Бейсенбин Ернатқа бұйырды.ІІ орын 9 «А» сынып оқушылары Жанатбекова Шынар мен Ишанғали Әмірбектің қанжығасына байланды. ІІІ орынды8 «А» сыныбының жұбы Қайыпқанова Нұризат пен Қошметова Мадина иеленді. • Жеңімпаздарға мақтау қағаздары тапсырылып, сый-сияпатұсынылды. • 7 Асыныбының ұйымдастыруымен өткен 5-7 сыныптар арасындағы «Күз аруы» байқауы да өз деңгейінде өріс алып, төмендегідей нәтиже көрсетті. «Бас жүлдені»5 Б сынып оқушысы Қуанышова Ақниет жеңіп алды. І орынды 5 А сыныбының Шакенова Инабат атты аруы иеленді. ІІ орынды 7 Ә сынып оқушысы Керімбекова Іңкәр алса, ІІІ орынға 6 А сыныбының аруы Қуанған Анара ие болды. Биші ару Инабат Әнші ару Ақниет 9 Бетті дайындаған: Жакешова Жансая

  10. «БОЛАШАҚТА  ЕҢБЕК  ЕТІП,   ӨМІР  СҮРЕТІНДЕР  – БҮГІНГІ  МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ,  МҰҒАЛІМ  ОЛАРДЫ   ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕСЕ,  ҚАЗАҚСТАН   СОЛ  ДЕҢГЕЙДЕ БОЛАДЫ. СОНДЫҚТАН  ҰСТАЗҒА  ЖҮКТЕЛЕТІН   МІНДЕТ  АУЫР» НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ • Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін «Ұстаздар күні» мерекесі де күздің үлесіне тиіпті. «Ұстаздар күніне» орай 11 «Ә» сыныбының жетекшісі Рысты Абдированың ұйымдастыруымен «Ұстаз-халық анасы» атты кеш өткізілді. Кештің бастамасы ретінде гимназия басшысы Базыл Жанкелді Сағынтайұлы шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебізін білдіріп, ұстаздарға алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті. Құттықтау сөзден кейін кеш әсем әндермен, сыңғырлаған күйлермен, аты әлемге әйгілі “Шолпан би” ансамблінің мың бұрала билеген әдемі қыздарының билерімен жалғасын тапты. Кеш барысында гимназия оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. 1 «Б» сынып оқушысы Әубәкірімова Айдана «Астана» әнін қалықтатып, Қабыкен Мөлдір «Ұстазым» әнін орындап кештің сәнін келтірді. Бастауыш сынып оқушылары ұстаздарға өлең шумақтарын арнап, әсем әндерін жолдады. Музыка пәні мұғалімі Нығыметова Лаура Сайранқызының орындауындағы «Жібектің елі» әні сазды кештің сағымындай жалғасын тапты. Кеш соңында 11-сынып оқушылары ұстаздарға арнаған ізгі тілектерін әнмен әрлеп, әр ұстазға арнайы дайындап әкелген гүл шоқтарын табыстады. «Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмасталапсыйлайды»  демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегіекенінталапты да, таланттыоқушылар әсем кешарқылы тағы бірдәлелдеп берді. 10

  11. Табиғат – күллітіршілікатаулыныңқұттықонысы Табиғат – күллі тіршілікатаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Күз – адамбаласынамолшылық, берекеәкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдаркүзге «берекелікүз», «алтын күз» депбаға берген. Қамбамыз астыққа толып, бәріміз асыға күткен, сағыныш пен асқаралы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі күз мезгілінде гимназиямыздың дәстүріне айналған тағы бір «Алтын күз берекесі» атты жәрмеңке өтті. Бастауыш сыныптар мен орта буын жаппай қатысатын бұл думанды күн барша гимназия ұжымына мереке сыйлады. 4 «а», «б», 5 «а», «ә», 6 «б», 3 «а» сынып оқушылары жәрмеңкеде жақсы дайындықтарын көрсетіп, пісірілген тәтті тоқаштарын, өздері жасаған заттарын, жеміс-жидектен жасалған ыдыс пен қуыршақ үлгілеріндегі тағамдарын келушілердің алдына тосты. Сонымен қатар 5 «б» сынып жетекшісі Рауан Бұғыбайқызының ұйымдастыруымен оқушылар күздік киім үлгілерін тігіп киіп, жәрмеңкенің жарасымын келтіре түсті. Әрбір сынып үлкен дайындықпен келуі арқылы жәрмеңкеге өз үлестерін қосты. Арнайы дайындалған дастархандар алыстан көз тартып, күздің самсаған сары байлығына тамсантып, тағамның барлық түрлерін тарту етті. Сырттан келген ата-аналар да, ұстаздар мен оқушылар да жемістен жасалған түрлі заттарды, тәтті тағамдарды сатып алып жатты. Жәрмеңкеде жоғары белсенділік танытқан сыныптар марапатталып, «Алтын күз берекесі»жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша «Ақниет» қамқорлық көрсету акциясы негізінде қарттар үйі мен жетім балалар үйіне көмек көрсетілді. 11 Бетті дайындаған: Жұманбаева Аружан

  12. «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2012» Гимназиямызда «Салауатты өмір салты - жастар болашағы!» атты ұранмен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық фестивалі -2012» өтті. Мерекелік шара көркем суреттер мен плакаттар арқылы безендіріліп, музыка әуенімен сүйемелденіп, көтеріңкі көңіл-күйде ұйымдастырылған жоспар бойынша атап өтілді. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалып, мерекелік шараның бастамасы ретінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Қымбат Дәуітбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық шараларда эстафеталық ойындар жарысында қыздар арасында 4 «ә» сыныбы 1-орын, ал ұлдар арасында 4 «а» сыныбы 1-орын иеленді. 5-сыныптар арасында би мен ұлттық ойындар өткізіліп, 6-сыныптар бойынша пионербол жарысында 6 «ә» сынып оқушылары 1 орынды жеңіп алды. Ал, 7-сыныптарда жеңіл атлетикадан 60 метр эстафеталық жарыста ұлдар арасында 7 «б» сыныбында Сайлауов Ернар 1-орынды иеленсе, қыздар арасында 1-орын 7 «а» сынып оқушысы Разия Мақанға бұйырды. Эстафеталық сайыстан ұлдар арасында 7 «б» сыныбы 1-орын, қыздар арасында 7 «а» сыныбы 1-орын жеңіп алды. 8-сыныптарда ұлттық ойындар бойынша би және арқан тартыс сайыстары өткізілді, 1-орын 8 «б», 9-10 сыныптарда эстафеталық жарыста 10 «б» 1-орын, 11-сыныптарда волейбол жарысы бойынша 11 «ә» сыныбы 1-орынды иеленді. «Денсаулық фестивалі-2012» күніне арналған спорттық іс-шараға барлық оқушылар қатысып, жоғарғы нәтижелерге жетіп, жабылу салтанатында жеңімпаздар марапатталды. Еңбек жолын осы жерден бастадым,Осы жерде еркелікті тастадым.Өз әлемім өзіме аян болса да,Осы жерде мен әйтеуір басқамын.. МАҒЖАН МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗДАРЫНА АРНАУ Ұстаздары - жақұт тұнған әр ізі,Азаматы – кішіпейіл, жаны ізгі.Жабырқаған сәттерімде осында, Әрбір адам жанашырым тәрізді. Осы орта мені өмірге үйретті,Сүріндірді, сүйсіндірді, сүйретті.Бір күн дамыл таптырмады, әйтеуір,Ән салдырды, ақын етті, билетті. Бұл мектептің әр ұстазы – ғұлама,Жаңа қырын танытатын күн ара.Мақтанамын, марқаямын бәріңмен, Шырын сезім сыртқа шықпай тұра ма?! Құшағы кең тәлім алдым ізгі елден,Сен де мүмкін мақтанарсың біздермен.Өмірімде мың өзгеріс болса да,Мен шынымен бақыттымын сіздермен. ІЗГІ НИЕТПЕН МӨЛДІР ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ • РЕДАКТОРЫ: МӨЛДІР АЛЬЖАНОВА • ДИЗАЙНЕРЛЕР: А.ЕЛУБАЕВА, Ә. НҰРҒАЛИЕВ • АРНАЙЫ КОРРЕСПОНДЕНТТЕР: А.СЕРІКОВА, Ш.ЖАНАТБЕКОВА. • МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: С.АХМЕТОВА, Ж.ЖАКЕШОВА, А.ЖҰМАНБАЕВА • МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 100000, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ, • СТЕПНОЙ-4 М/А, 33/2 ҮЙ. М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №39 ГИМНАЗИЯ. ТЕЛ: 32-68-42, • E-MAIL SHOOL-39 @ KARGOROO.ORG

More Related