110 likes | 437 Views
u041fu0435u0434u0430u0433u043eu0433u0438u043au0430u043bu044bu049b u043fu0440u0430u043au0442u0438u043au0430 u0442u0430u043fu0441u044bu0440u043cu0430u043bu0430u0440u044b, u0413u0435u043eu0433u0440u0430u0444u0438u044f-u0422u0430u0440u0438u0445, 1-u043au0443u0440u0441, 1-u0442u043eu043f u0441u0442u0443u0434u0435u043du0442u0442u0435u0440u0456: u0410u0439u0442u049bu0430u043bu0438 u041d.u0425, u0415u043bu0442u0430u0439 u0410.u0421, u0411u0430u049bu0442u044bu0433u0435u0440u0435u0435u0432 u0416.u0411, u04d8u0431u0456u043bu049bu0430u0441u044bu043c u0411.u041c, u0411u0430u049bu044bu0442u0436u0430u043du04b1u043bu044b u041d.
E N D
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты География және экология кафедрасы БІЛІМ БЕРУ ЗАҢЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕР Орындағандар: География-Тарих, 1-курс, 1-топ студенттері Айтқали Н.Х, Бақтыгереев Ж.Б, Елтай А.С, Әбілқасым Б.М, Бақытжанұлы Н. Тексерген: П.ғ.к., аға оқытушы Құрсабаев М.К. Алматы-2023
ЖОСПАР • Білім беру заңы • Білім беру жүйесінің міндеттері • Педагог мәртебесі туралы және міндеттері • Оқушылардың құқықтары мен міндеттері • Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
БІЛІМ БЕРУ ЗАҢЫ Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ • Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; • педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету; • білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру; • білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету; • белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ • өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге; • оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге; • өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға); • педагогтік әдепті сақтауға; • білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; • балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; Педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, Білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ • Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге; • Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға; • Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға; • Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға; • Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға; • Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға; • Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау. • Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу. • Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру. • Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру. • Мінез-құлық ережелерін сақтау
АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫ • Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. • Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. • Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
АТА-АНА МІНДЕТТЕРІ • Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. • Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. • Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. • Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
ҚОРЫТЫНДЫ Жалпы біз Бұл тақырыпта Білім беру заңы және білім беру жүйесінің міндеттері туралы, педагог мәртебесі және оның міндеттері туралы , оқушылардың құқықтары мен міндеттері , ата -ана құқықтары мен міндеттері жайлы туралы толық ақпарат беріп, түсіндіре білдік деп ойлаймын. Жалпы бұл нарседен шығатын қорытынды білім беру біздің халқымыздың әлемдік деңгейдегін сауаттылығын айқындайтын, педагог мәртебесі болашақ маман шығаруда үлкен орын ала білетін, оқушының құқығын ешқашанда , еш жерде таптауға болмайтынын түсінеміз. Біздің қоғамымызда ата- ана құқықтарын білу, оның міндеттерін дұрыс атқару жеткілікті деңгейде жүргізіліп жатқанын ұғынамыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР • https://adilet.zan.kz/kaz/ • https://www.kaznu.kz/kz/25512/page/ • https://gmonline.kz/