1 / 22

Khanshatyr-slayd

u041eu049bu0443u0448u044bu043bu0430u0440 u0436u043eu0431u0430u0441u044b 2014 u0436u044bu043b

Download Presentation

Khanshatyr-slayd

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. проф.Құрсабаев М,Қ, Гусманова А.Қ, Қайырғалиқызы А , Канафина А, 64 мектеп Астана, 20.09.2014

  2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық Орталығы Астана қаласы білім басқармасы ЕХРО 2017 КӨРМЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ХАНШАТЫР КЕШЕНІ АУМАҒЫНДАҒЫ КӨЛ АКВАТОРИЙІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Ғылыми жоба авторлары: Гуманова Айша, Қайырғалиқызы Амира, Астана қаласы №64 мектеп оқушылары Ғылыми жетекшілер: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхамедрахим Құрсабаев, Канафина Амангүл Астана шаһары 2014 жыл Геоархеологическо-туристические ценности конструкции жилищ (юрты) номадов и коренных этносов мира. Курсабаев М.К, Джаппарова Г.А, Шайжанов М.К, Аяпбекова А.Е, Исабеков С.Б, Таймагамбетов Ж,Мазбаев О.Б, Темиржанов Б, Байтышев Г.А, и др

  3. Тәуелсіз Қазақ Елінің астанасында 2017 жылы Бүкіләлемдік деңгейде «EXPO 2017 Astana, Kazakhstan» Көрмесінің өткізілуі ұлт тарихындағы аса ерекше жарқын кезеңдерінің бірі болып қалытыны сөзсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы негізінде дүниеге келген «Future energy» идеясы, аталмыш ұлы оқиғаның бойтұмары іспеттес, парасатты һәм гуманды идеяға айналып аймақтың деңгейден жаһандық масштабқа ұласуда.  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы (2014) «Қазақстан 2050» Стратегиясы мен «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы іргетасының қалануы – Қазақ Елінің планетарлық масштабта қарыштап дамуына жол сілтейтін даңғыл арна болары анық. Демек, ел экономикасының тұтқасы болатын Ұлттық туризм индустриясын дамыту һәм халық игілігіне айналдыру – аталмыш ой-армандар мен игі мақсаттардың жарқын болашағы болары сөзсіз. Өскелең ұрпақ болашағының жарқын белестерін көксейтін, өз кезегінде ел экономикасының дамуына түбегейлі оң ықпал ететін туристік кластер орталықтары (Жаңа Іле, Бурабай, Шығыс Қазақстан, Кендірлі және Қасқарасу) қоғам игілігіне айналу барысында, аймақтық масштабтағы ұлттық туризм индустриясының ерекше сипат алуына мұрындық болатынын ескерген абзал. https://www.google.kz/search?q=%D0%B5%D1%85%D1%80%D0%BE+2017+%D1%82%D1%83% ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  4. Бүгінде «Астана ЭКСПО» Ұлттық компаниясы құрылып қоғам һәм халық игілігіне жұмыс істеуде. Дегенмен, Астана қаласы инфрақұрылымын дамытуда Дүниежізілік Көрменің ерекше серпін беріп жатқанын атай келе, шаһардың одан ары гүлденуі мен дамуына жас ұрпақ тарапынан ұсыныс-тілектің қажет екені және оған ресми органдардың назар аударуы үлкен мәселе екенін жеткіземіз. Көрмеге қатысушы және тамашалаушы шет ел қонақтарының жиі баратын жеріне шаһардың оңтүстік-шығыс аумағында орналасқан «Ханшатыр» сауда-экономикалық және мәдени-әлеуметтік кешені болып табылатыны сөзсіз. Кешен аймағындағы тұрғын үйлер алабы мен сауда-саттық һәм мәдени-спорттық ғимараттардың, жол торабы мен коммуникациялық-транспорттық нысандардың бой көтеруі ерекше көрік беріп тұр. http://yvision.kz/post/381601?fb_action_ids=777348538975873&fb_action_types=og.likes ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  5. 2009-2010 жылдардан бері салына бастаған «Ханшатыр» кесенесінің салынуы аталған аймақтағы басқа құрылыс нысандарының мен басқа инфрақұрылымдардың дамуына ықпал етуі және соның салдарынан пайда болған бірқатар антропогендік, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық һәм туристік-рекреациялық көріністер біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың «ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторий инфрақұрылымын дамыту мәселелері» тақырыбын айқындауға негіз болды. Зерттеу жұмысы бойынша материалдар жинастыру барысында ғалымдар еңбектеріне назар аударып, өз ойымызды тұжырымдау мен интерпретациялауда пайдаландық. Біздің ойымызша жалпыға ортақ бүгінде жоғарғы мінбелерден жиі айтыла бастаған қазақстандық патриотизм идеясын жас ұрпақтың санасында қалыптастыру үшін ел мен жердің сәулетті болашағын көксеген әр азаматтың өзі мекен еткен туған жеріндегі діни-рухани һәм тарихи-мәдени мұраларды жан-жақты зерттеп, өткен тәжірибелерді жинақтап, толықтырып ерен ғылыми-шығармашылық еңбегі арқылы көрсете білуі абзал демекпіз. https://www.facebook.com/muhamedrahim.kursabaev/posts/829651810412212?notif_t=like ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  6. Сондай-ақ аталмыш ғылыми жоба бойынша Астана қаласы №57 мектеп базасында 2011 жылы бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтеміз. Өз кезегінде, аталмыш зерттеу тақырыбына тікелей қатысы бар мол мағлұматтар тезистер мен ғылыми мақалар түрінде әдеби оқулықтар мен ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында, атап айтқанда “Globethnics.net”, “Facebook”, “Slide share”, “Outlook” ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарында (ҒҒТАР) көрніс тапқан. Зерттеу жұмысы жалпы Астана қаласы тарихы тұрғысынан алғанда тың тақырыптың бірі деуге болады. Алда келе жатқан ЕХРО 2017 Дүниежүзілік Көрмесі мерейтойы қарсаңында орындалып, зерттеліп һәм зерделенген аталмыш еңбек, айтулы оқиға жеке үлесін қоса алады деген сенімдеміз. Еңбектің Астана қаласы «Тұран-Астана» университеті «Туризм және сервис» кафедрасы базасында және Елордамыздағы №58, 57, 68, 59 орта мектеп оқушылары ғылыми қоғамы мүшелері тарапынан қолға алынуы және біздің тарапымыздан осы кезеңге дейін Астана биопаркін сақтау мен қорғау мәселелеріне арналған еңбектерімізді басшылыққа алып, өз кезегінде оны одан ары терең зерттеуді көздеген жас өскіндердің мұндай әрекеттері аса құптарлық іс. https://onedrive.live.com/view.aspx?cid=0C75F6202BDF37A6&resid=C75F6202BDF37A6%211643&app ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  7. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: - Дүниежүзілік «EXPO 2017 Astana, Kazakhstan» Көрмесіне орай көл акваторийі аумағының табиғи балансын сақтау мен дамытудың жолдары жөнінде маңызды мағлұматтар жинастыру һәм талдау; - Аймақтың физикалық және географиялық сипаттамасын сұлбалау; - Астана инфрақұрылымының гидросфера, ихтиофауна һәм орнитофауна дүниесіне тигізген ықпалын қадағалау және сараптама жасау; - Ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мағлұматтарды жүйелеу; Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеті: - «Астана биологиялық паркі» бағдарламасын іске асырудың туристік-рекреациялық мүмкіндіктерін анықтау; - Астана қаласының Бас Жоспары кестесіне сәйкес көл акваторийі инфрақұрылымын электр қуатын үнемдеу һәм жасыл технология жетістіктері негізінде орнықтыру мүмкіндіктерін белгілеу және ұсыныстар білдіру; - Аймақ жөнінде ғылыми мақалалар жазу, конференция жұмыстарына қатысу, цифрлық картасын сұлбалау, экологиялық акциялар ұйымдастыру.  Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Астана қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан Ханшатыр кешені мен Талдыкөл гидросферасы алқабындағы инфрақұрылым нысандарының қоршаған ортағы ықпалы, құрылыс қалдықтары мен зардаптарының көл акваторийіне тигізген әсері, көл жағасындағы транспорттық-коммуникациялық және туристік-рекреациялық жағдаяттар; сондай-ақ экологиялық, ихтиофауна һәм териофауна жүйесі туралы ғылыми тұжырымдар мен қаулы-құжаттарға негізделген көлемді ақпараттық-сараптамалық тың мағлұматтар жинастырылды. Зерттеу жұмысының кезеңдері. 1-кезең (2014 қаңтар-ақпан). 2-кезең (2014 сәуір-мамыр). 3-кезең (2014 маусым-қыркүйек). - Зерттеу жұмысын аяқтау; - Ғылыми жетекшілер мен зерттеу жұмысы жөнінде рецензия дайындау; - Салыстырмалы мағлұматтар бойынша сараптама жасау; Геоархеологическо-туристические ценности конструкции жилищ (юрты) номадов и коренных этносов мира. Курсабаев М.К, Джаппарова Г.А, Шайжанов М.К, Аяпбекова А.Е, Исабеков С.Б, Таймагамбетов Ж,Мазбаев О.Б, Темиржанов Б, Байтышев Г.А, и др

  8. Astana is located in central Kazakhstan on the Ishim River in a very flat, semi-arid steppe region which covers most of the country's territory. The elevation of Astana is 347 m (1,138 ft) above sea level. Astana is in a spacious steppe landscape, in the transitional area between the north of Kazakhstan and the extremely thinly settled national center, because of the river Ishim. The older boroughs lie north of the river, whilst the new boroughs are located south of the Ishim. Astana is the second coldest capital city in the world after Ulaanbaatar, Mongolia, a position formerly held by Canada's capital, Ottawa, until Astana attained capital city status in 1998. Astana has an extreme continental climate with warm summers (featuring occasional brief rain showers) and long, very cold, dry winters. Summer temperatures occasionally reach 35 °C (95 °F) while −30 to −35 °C (−22 to −31 °F) is not unusual between mid-December and early March. The city also holds the record for the lowest air temperature ever recorded in Kazakhstan (-51 °C). Typically, the city's river freezes over between the second week of November and the beginning of April. Astana has a well deserved reputation among Kazakhstanis for its frequent high winds, the effects of which are felt particularly strongly on the fast-developing but relatively exposed Left Bank area of the city. http://en.wikipedia.org/wiki/Astana ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  9. ҒҒТАР ресурстарында “Globethnics”, “Facebook”, “Slide share”, “Outlook”, “Hangouts”, қазақстандық “G-Global”, “Your vision” ол мәселе «Астана биопаркі» деген атпен белгілі. Көпшілікке белгілі “Globethnics.net” (Swizerland) ҒҒТАР порталында Астана қаласы маңында орналасқан Ханшатыр кешені жанындағы гидросфералық, ихтофауналық һәм териофауналық табиғи экожүйенің күн санап, қала инфрақұрылымының қарқынды даму салдарынан ауқымды ықпалдарға ұшырап келе жатқаны (шамамен 2009-2014 жылдар арасында) мазмұнды сипатталған.ҒҒТАР-ның көмегімен біздің ұзақ жылдар бойы жинастырған фотоматериалдар мен ғылыми мақалалар арқылы Ханшатыр кешені маңындағы көл акваторийі туралы мағлұматтарды бір жүйеге келтіру жөнінде іздену жұмыстары жүргізілді. Байқап отырғанымыздай, суреттегі 2010 жылдың жаз –күз айларында түсірілген фотоматериал арқылы көл жағалауы айтарлықтай қатты өзгерістерге ұшырамағанын байқаймыз. Расында, 2009-2010 жылдары қала инфрақұрылымының көл аумағында құрылыс және инженерлік-коммуникациялық объектілерді салу мен жоспарлауы 2014 жылға қарағанда едәуір төмен дәрежеде болғанын ескерген жөн. Ханшатыр аймағындағы гидросфера торабының жалпы Астана қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан Талдыкөл сазды-балшықты су алабы жүйесіне енуі, аталмыш ортадағы тіршілік дүниесінің ортақ зонасы болып табылуына ұйытқы болды. http://www.globethics.net/web/11967161/~/13227565/my-blog/-/blogs/biopark-in-astana-m-kursabaev ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  10. Байқап отырғанымыздай, суреттегі 2010 жылдың жаз –күз айларында түсірілген фотоматериал арқылы көл жағалауы айтарлықтай қатты өзгерістерге ұшырамағанын байқаймыз. Расында, 2009-2010 жылдары қала инфрақұрылымының көл аумағында құрылыс және инженерлік-коммуникациялық объектілерді салу мен жоспарлауы 2014 жылға қарағанда едәуір төмен дәрежеде болғанын ескерген жөн. Ханшатыр аймағындағы гидросфера торабының жалпы Астана қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан Талдыкөл сазды-балшықты су алабы жүйесіне енуі, аталмыш ортадағы тіршілік дүниесінің ортақ зонасы болып табылуына ұйытқы болды. Оның айқын себебі, көл суының бір жағынан тайыз болуы, екінші үлкен мәселе – қала су құбыры арқылы келетін қалдық шайынды қалдықтардың көл акваторийіне төгіліп, ластануы жағдайында Әкімшілік тарапынан аталмыш аймақты тазарту шараларына қатысты көл айдынын құм-тас пен шағыл төгу арқылы залалсыздандыру әрекетінен деуге болады. http://www.globethics.net/web/11967161/~/13227565/my-blog/-/blogs/biopark-in-astana-m-kursabaev ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  11. Біз 2009 жылдың 11 қыркүйегінде «Хан шатыры» құрылысының жанында орналасқан ғажайып көлді байқадық. Келесі 2010 жылдың 6 шілдесінде «Хан шатыры» кешенінің салтанатты ашылуына қатысып, көл туралы мағлұматтар жинадық. «Хан шатыры» кешенінің ең жоғарғы қабатынан (10.07.20010) «Талдыбұлақ» көл айдынын байқадық. «Талдыбұлақ» көл айдынына (10.07.20010) саяхат жасаған күні ауа райы бұлтты болды. Келесі 2010 жылдың 6 шілдесінде «Хан шатыры» кешенінің салтанатты ашылуына қатысып, көл туралы мағлұматтар жинадық. «Хан шатыры» кешенінің ең жоғарғы қабатынан (10.07.20010) «Талдыбұлақ» көл айдынын байқадық. Көл шынымен ғажап екен. Көл жиегі қамыс-құрақ пен шалғынды өсімдіктерге бай. Айдында жабайы үйректер мен құстар кездеседі. Көл жағалауы Астана инфрақұрылымына ерекше сән беріп тұр. Өсімдік жамылғысының мол болуы өңірдің фито, орнито және ихтиофаунасының ерекшелігін айқындап тұр. Көлдің солтүстік-шығыс жағы антропогендік ықпалдарға ұшырай бастаған. Онда құрылыс нысандары бой көтеріп, көл суының ластануына қауіп төндіруде. Көлдің аумағы шамамен 2000 га алқапты алып жатыр. Айдынның ортасында аққу, бірқазан, тырна, аққұтан, қасқалдақ, ондатара сияқты құстар мен аңдар ұяларын салуға ыңғайлы ну қамыс-құрақ бар. «Талдыкөлдің» оңтүстік-шығыс жағында қамыс-құрақ пен өсімдік жамылғысы азайған. Көлдің суы тұщы әрі ішуге жарамды. Гидросфера жүйесі өзінің табиғи қалпын сақтаған. http://www.globethics.net/web/11967161/~/13227565/my-blog/-/blogs/biopark-in-astana-m-kursabaev ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  12. Қазіргі таңда көл акваторийі адам айтқысыз инженерлік-құрылыс алаңына айналған. Әрине, қала инфраструктурасының басқа аймақтармен салыстырғанда аса интенсивті дамып келе жатқанына қуана көз салғанымызбен, жалғыз біз емес сонымен бірге көпшіліктің көкейінде жүрген бір мәселені айтуға тура келді. Ол - Есілдің сол жағалауындағы оңтүстік-шығыс алқапта орналасқан батпақты-шалғынды оазис болып табылады. Оазис, немесе биопарк акватоийі жуықтап алғанда 2000 га жерді алып жатыр. Оның шығыс бөлігі «Хан шатыры» ғимаратымен шектессе, солтүстік-шығыс бөлігі зәулім тұрғын үй кешендерімен, автотранспорт жол торабы арқылы, батысында «Астана арена» спорт кешенімен шектеседі. Оңтүстік бөлік далалы-шалғынды һәм тастақ жазықты жерлерге ұласқан. Көл айналасы қала инфрақұрылымының қарқынды дамуы ықпалына ұшырау барысында 2009 жылмен салыстырғанда көптеген бөліктерінен айырылған. Ханшатыр кешеніне жақын орналасқан гидросфера жүйесі мен қамысты-шалғынды (аққу-қаздар мен үйректер дүниесіне аса қолайлы) жерлер қазынды алқапқа айналған. Су алабына техникалық қалдықтар мен санитарлық талапқа қайшы келетін зиянды заттардың жиі тасталынуы байқалады. Зиянды заттардың көбеюі мен оның залалдарының молая түсуімен қатар аймақта құрылыс жұмыстары аса белсенді қолға алынуда. http://www.globethics.net/web/11967161/~/13227565/my-blog/-/blogs/biopark-in-astana-m-kursabaev ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  13. Жалпы Астана (бұрынғы атауы – Ақмола, Целиноград) шаһарының дамуы мен қалыптасуы туралы тарихи һәм мәдени деректер XVII-XIX ғ.ғ Еуропа саяхатшылары мен Ресей шығыстанушы ғаламдар тарапынан кең тұрғыда зерттеле бастады. Қаланың орналасуы мен оның географиялық орны, рельефі мен гидросфералыһ һәм агротехникалық басымдылықтары көрші мемлекеттердің сырты экономикалық саясатына байланысты екені анықталып отыр. Кеңес үкіметі (Қызыл империя) тұсында халықаралық деңгейдегі маңызы бар тарихи оқиғалардың біріне саналған Қазақ даласының орталық өңірінде тың жерлерді игеру мен жер жырту бастамасы – Астана инфрақұрылымының даму жолындағы ерекше оқиғалардың біріне айналды. Бұл оқиғаның 1950 жылдардың басынан бастау алғаны, сондай-ақ халық тұрмысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени-ағарту, білім һәм ғылым және демогрфиялық жағдайлардың күрт өзгеруіне орасан ықпалын тигізгенін атап өткен жөн. http://astana.gov.kz/ru/modules/material/42 ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  14. Талдыкөл гидросфералық жүйесін шетел қонақтарының жиі тамашалайтын саяхат аймағына айналдыру мәселесін қолға алу керек. Көпшілік назарына ұсынылып отырған мына картадағы Талдыкөл аймағы – сөзсіз Астананың санқырлы мүмкіндіктерінің бар екенін байқатып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астананың жасыл белдеуі» бастамасының бір арнасы ретінде аталмыш гидрожүйені сақтау мен дамытудың алғышарттарын айқындағанымыз жөн. Көлдің бүгінгі жағдай һақында мынадай мағлұматтарды кездестіруге болады: «В настоящее время проект прошел государственную экспертизу. В Астане проект «Ликвидация накопителя сточных вод Талдыколь с рекультивацией» включает в себя две очереди строительства со сроками реализации 2011-2016 гг. его целью является уменьшение накопителя со сбросом очищенных сточных вод в реку Есиль, а также увеличение производительности канализационных очистных сооружений со 136 000 до 254 000 куб.м3 в сутки», — сообщает пресс-служба акима столицы. http://newtimes.kz/eshche/ekologiya/item/3111-ozero-otstojnik-taldykol-likvidiruyut-v-astane ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  15. Атап айтқанда аталмыш газеттегі: «Возвращение Талдыколя к первозданным размерам отрицательно скажется на фауне озера. Такое мнение высказывают биологи и экологи Астаны. Мы не однократно писали в нашей газете о природных проблемах, которые может породить осушение этого водоема. Орнитолог Александр Пивоваров не устает повторять: на талдыкольских озерах обитают 12 видов уток, в том числе редчайшая савка, занесенная в Красную книгу, кулики, куропатки. Это прекрасная площадка для занятия бердвотчингом, то есть наблюдением за птицами. Если озеро осушить, мы потеряем гнездовья многих видов пернатых. С ним соглашается и КуанышСыздыков, заведующий кафедрой охотоведения и рыбного хозяйства Аграрного университета имени С. Сейфуллина: Это большое озеро является обиталищем огромного количества водно-болотной дичи: различных уток, гусей, здесь обитают лебеди в достаточно большой популяции, весной гнездятся пеликаны. Условия для гнездования птицы хорошие, кормовая база богатая. К тому же фактор беспокойства там малый, несмотря на близость города. Однозначно то, что мы разрушим гнездовья. Такое уже было. Где сейчас построен «Хан Шатыр» и дальше, там были озера, которые сейчас осушают» аттытұжырымға назараударукерек. http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=120194 ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  16. Ханшатыр маңайы мен Талдыкөл аймағын сақтау мен дамыту тақырыбы 2010 жылдан бері көтеріліп келеді. Тақырыптың негізгі мазмұны «C-Clobal» ақпараттық-коммуникациялық порталында жарияланды. Сондай-ақ, жобаға ұстаздар мен ғалымдар ат салысса, студенттер мен мектеп оқушылары ғылыми жоба ретінде қайта зерделеп, жеке ойлары мен ұсыныстарын жариялауда. http://gg-old.otgroup.kz/kz/blog/view/8483 Атап айтқанда «C-Clobal» блоггерлері Жұмағазы Нұрғали (Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті), Ильясова Ақмарал, Хализуллина Арайлым, Алиева Назерке, Рысбаева Гүлнұр (Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), Назерке Алиева өз ойларын ортаға салып, көл аймағын қорғау мен дамытудың қажеттілігіне назар аударды. Әсіресе, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, георафия және табиғатты пайдалану факультеті «Рекреациялық география және туризм» кафедрасының студенті Рысбаева Гүлнұрдың аталмыш территорияның туризм һәм саяхат аймағы болып қана қоймай, табиғи ортадағы экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал ететіні жөніндегі ұсынысы құнды деуге тұрады. http://gg-old.otgroup.kz/kz/blog/view/8483 ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  17. Көл айналасындағы қалың шалғынды алаң мен қамыс-құрақ тек қана ихтиофауна қорегі ғана емес, сонымен бірге орнитофауна дүниесінің табиғи жағдайда өмір сүруіне аса қажетті ландшафт болғаны белгілі. Өкінішке орай, біздің инженерлік-коммуникациялық және техникалық-транспорттық қажеттілігіміз табиғи баланстың ауытқуына қатты ұшырап жатқанын айғақтайды. Мына суреттегі (6.09.2014) өсімдік-топырақ жамылғысы өзінің биологиялық қалпында сақталуы керек еді. Алайда, құрылыс нысандарының ауқымдылығы мен қарқындылығы өңірдегі экологиялық жағдайды теңестіруде барынша парасаттылық танытып жатқаны байқалмайды. Түптеп келгенде, көл акваторийі маңайына физикалық-географиялық сипаттама жасау барысында бір шаршы метр бөлікте қаншама жәндіктер мен өсімдік түрлері бар екенін ажырату, өз кезегінде қоршаған ортаға қаншама пайдасы бар екенін білуімізге мүмкіндік береді. https://www.facebook.com/muhamedrahim.kursabaev ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  18. Ең ауыр, жанға бататын тұс – көл акваторийін паналайтын ихтиофауна мен орнитофауна дүниесі болып табылады. Көл айдыны – көпшілік айтқандай жуынды мен қалдық сулар (техникалық-санитарлық лас сұйықтар мен зиянды қоспалар т.б) төгілетін арнайы қазандық деген алып-қашпа сөздің аясына сыймайтыны жоғарыда «Инфо-Цес» электронды басылымындағы мағлұматтарда жеткілікті айтылды. Қалай дегенмен көл бассейнінін мекен етуші жыртқыш ондатралар мен тышқандар, аққу-қаздар мен жабайы үйректер, тіпті бірқазандар мен шағалалар дүниесі – өздерінің қорек көзі болып саналатын ихтиофауна мен зоопланктондар дүниесімен тығыз байланыстағы табиғи биогеноценоз айналымы құбылысын танып-білу һәм қорғау біздің парызымыз. Бүкіләлемдік деңгейде Қазақ даласының кіндігінде өтетін «EXPO 2017 Astana, Kazakhstan» Көрмесін тамашалаушы туристер мен қонақтарға Ханшатыр маңайындағы табиғи биопарк болып табылатын Талдыкөл акваторийіне саяхат жасап, көл айдынындағы жабайы құстарды көріп, су жиегіндегі жабайы аңдардың тіршілігімен танысуы - «ХХІ ғасырдағы адам мен табиғат гармониясы» іспеттес гуманистік бастаманың нәтижесін көруге мүмкіндік алады деген сенімдеміз. https://www.facebook.com/muhamedrahim.kursabaev ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  19. Талдыкөл аймағын тек қана туристік-рекреациялық һәм этномәдени-геоархеологиялық орталық қылып қана қоймай, болашақ үнемді энергия көздері болып табылатын түрлі қондырғыларды (гидроэлектр станциясы, күн электр қондырғысы, жел арқылы қуаттанатын қондырғылар т.б) орналастыру арқылы да қоғам мен табиғатқа пайдалы істі ұрпақ игілігіне айналдыруымызға болады. Осылайша, көл аймағын тек қана тұрғын үйлер алабы мен мәдени-спорттық ғимараттар нысаны ғана емес, сонымен қатар табиғи биопарк жағдайында тіршілік ете алатын ихтиофауна мен орнитофауна дүниесін қорғау мен сақтауға мүмкіндік аламыз. Біздің ойымызша, көл айдынына жақын аралықтарды аспан астындағы этногрфиялық мұражайлар, балалар мен жасөспірімдердің спорттық-рекреациялық мүмкіндіктерін шыңдап һәм шынықтыратын арнайы орындар мен алаңдарды көптеп орнықтырғанымыз абзал. Астана қонақтары мен шет елдік туристер тек қана қоршаған ортаға зияны жоқ күн мен жел энергиясы арқылы қуат алатын техникалық нысандар мен тарихи-мәдени, спорттық-рекреациялық орталықтарды аралаумен қатар көл айдынындағы ғажайып құбылыстарды (жабайы құстар мен аңдардың тіршілік дүниесі) тамашалауға мүмкіндік алар еді деп ойлаймыз. http://www.slideshare.net/muhamedrahimkursabaev/ss39175942?fb_action_ids=835057209871672&fb_action_types=og.likes ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  20. Ақмола өңірі дүниежүзінде тұңғыш рет адамзат перзентінің жылқыны қолға үйреткен һәм қымызды (жылқы сүтін ашыту технологиясы) дайындау өнерін тұңғыш рет адамзат өркениетінде тұрмыс қажетіне жаратқан әлемдік мәдениет ошағы болып табылады. Археолог Жакен Таймағамбетовтың айтуынша бұдан 25 мың жыл бұрын Ертіс өзенінің жағасында (Шүлбі қонысы) алғашқы адамдар қазіргі Сібір көшпенділері мен Канада эскимостары күркелеріне ұқсас (Чумм, Типпи – Chumm, Tippi) ежелгі қоныс орнының табылғаны – қазақ даласының әлем номадтары жұртордалары (киіз үйлері) отаны һәм атажұрты екенін дәлелдейді. Ботай қонысы (Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) маңында энеолит дәуірінде (5-5,5 мың жыл) ғұмыр кешкен адамдар тұрмыс-тіршіліктері әлемде тұңғыш рет жылқыны қолға үйретіп, өз кезегінде қымызды ашыту технологиясы мен тұрақордаларын иеленгенін дәлелдеп отыр. Аталмыш сала бойынша зерттеу жүргізген отандық және шетел ғаламдарының тұжырымдары мен ғылыми қағидалары жалпы әлем көшпенділері «күркейлерінің» даму эволюциясын қалыптастырды деуге болады. https://www.facebook.com/muhamedrahim.kursabaev ЕХРО 2017 Көрмесі қарсаңында Ханшатыр кешені аумағындағы көл акваторийі инфрақұрылымын дамыту мәселелері. Гусманова Айша, Гусманова Амира , ғылыми жетекші проф. Құрсабаев М.Қ,, Астана, 20.09.2014

  21. ҚОРЫТЫНДЫ - Аталмыш заңдылық негізінде «Хан шатыры» жанындағы биопаркті мемлекеттік қорғауға алу жөнінде экологиялық маңызы бар ауқымды шешімдер қабылдану қажет; - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың аталмыш биопарк айдынын сақтап қалуға деген ықыласын білдіруін сұраймыз. Астана мектептері оқушылары мен «Атамекен» балалар ұйымы мүшелерінің бастауымен биопарк айдынын қамқорлыққа алуға бағытталған экологиялық десант шараларын ұйымдастыру; - Мектеп оқушыларының ғылыми жобалар сайысында аталмыш биопарктегі экологиялық жағдайлар тақырыбына байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілгені абзад. - Қазақстандық және шет елдік эколог ғалымдар мен ұйымдардың назарына аталмыш биопарктың аса ерекше феномендік табиғи құбылысы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет ресурстар көмегі арқылы нақты ақпарат тарату. - «Астана биопаркі» атты қор құрылып, оған мемлекеттік грант есебінде белгіленген қаржы мөлшерінде көмек көрсету шаралары ҚР Үкіметі және Астана қаласы әкімдігі тарапынан анықтау; - Биопарк айдынын арнайы қошауға алып, оның табиғи реликтілік қасиетін сақтай отырып, шет ел туристері мен Астана қонақтарының саяхат жасауларына мемлекет тарапынан қажетті шараларды қарастырған абзал. - Бүкіләлемдік Көрменің ашылу салтанатына дейін Астана қаласындағы Талдыкөл акваторийі арқылы кесіп өтетін аспалы көпір салыну құрылысын бастау жөнінде ұмыныс енгізу; - Аймақтың архитектуралық жағынан ғана емес, сонымен қатар алып мегаполис жағдайында гидросфера аймағындағы ихтиофауна мен орнитофауна дүниесінің гармониялық сипатта сақталып һәм игіліктеніп жатқан ғажайып құбылысты елорда қонақтары мен туристерінің тамашалауына жағдай туғызу; Геоархеологическо-туристические ценности конструкции жилищ (юрты) номадов и коренных этносов мира. Курсабаев М.К, Джаппарова Г.А, Шайжанов М.К, Аяпбекова А.Е, Исабеков С.Б, Таймагамбетов Ж,Мазбаев О.Б, Темиржанов Б, Байтышев Г.А, и др

  22. https://www.facebook.com/muhamedrahim.kursabaev Геоархеологическо-туристические ценности конструкции жилищ (юрты) номадов и коренных этносов мира. Курсабаев М.К, Джаппарова Г.А, Шайжанов М.К, Аяпбекова А.Е, Исабеков С.Б, Таймагамбетов Ж,Мазбаев О.Б, Темиржанов Б, Байтышев Г.А, и др

More Related