270 likes | 788 Views
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тамыз-қараша айларында өткізген іс-шаралары. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының 2013 жылғы тамыз айында атқарған жұмыстары. “Жастар Отанға” саяси лагері.
E N D
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тамыз-қараша айларында өткізген іс-шаралары
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының 2013 жылғы тамыз айында атқарған жұмыстары
“Жастар Отанға” саяси лагері • 2013 жылғы тамыз айында “Жастар Отанға” 3 күндік лагері ұйымдастырылып, оған 200 жас қатысты • Саяси лагерде жастар түрлі бағытта интелектуалдық пікір сайыстар мен шығармашылық кештер ұйымдастырды • Елімізге белгілі саяси қызметкерлермен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізіп, еркін тақырыпта пікір алмасты
“Ата Заңым – Айбарым” • 30 тамыз күні жастар қоғамдық ұйымдарың белсенділігін арттыру, оларды мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға шақыру, жастар арасынан талантты, дарынды жастарды шыңдап шығару • Жастарды Қазақстан Республикасының Конститутциясын құрметтеуге, оны өскелең ұрпаққа насихаттауға шақыру • Жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау • Жастар арасында достық қарым-қатынасты орнату
“Жас телеком” жастар ұйымы • Елбасының “Жас Отан” жастар қанатының ІІ-съезінде берген тапсырмасына сәйкес облысымызда 9 ірі кәсіпорындарда жұмысшы жастар ұйымы құрылды • Соның бірі 2 тамыз күні “Қазақтелеком” ААҚ жанынан “Жас телеком” жастар ұйымы құрылды • Ұйымға мекемедегі 1 300 жас жұмысшы мүшелік етеді
“Толағай” байқауы • 2013 жылғы тамыз айында “Самал” сауықтыру лагерінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында “Толағай” байқауы өтті • Балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер мен тәрбиеленіп шыққан жастарға қолдау көрсету, оларды қоғамдық ортаға тарту. • Тәрбиеленуші жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау • Тәрбиеленуші жастарды бірлесе отырып жұмыс істеуге, коммандалық топ құруға насихаттау
Тамыз айында Алматы облысы Қапшағай қаласында өткен жастар арасындағы қазіргі заманғы халықаралық би фестивалінен өткен байқауда облыс жастары бас жүлдені жеңіп алды.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының 2013 жылғы қыркүйек айында атқарған жұмыстары
“Таза сессия” жобасы • 2013 жылғы қыркүйек – қазан айларында “Таза сессия” жобасы жүзеге асырылды • Жоба аясында облысымыздағы 10 жоғары және 80 арнаулы орта оқу орындарындағы студенттер арасында орын алатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маөсатында қаржы полициясы қызметкерлерімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізді • Студенттер арасында “Таза сессия”, “Халің қалай студент” тақырыптарында зерттеулер жүргізілді • Облыстағы 4 жоғары оқу орындарында 1000-ға жуық студенттердің қатысуымен “Таза сессия” акциясы ұйымдастырылды
«Жалпыға ортақ еңбек-бәрін жеңбек» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруЖас мамандардың еңбегін бағалап, жастарды еңбекке тарту, жұмысшы жастардың беделін көтеру және құқығын қолдау мақсатында 2013 жылғы 24 қыркүйек күні «Жалпыға ортақ еңбек – бәрін жеңбек» форумы өтті. Форумға модератор ретінде «Хабар» телеарнасының «Орталық Хабар»бағдарламасының жүргізушісі ретінде Н. Құрман, спикерлер ретінде облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, «Зерде» компаниялары тобының бас директоры М.Битемиров қатысты. Жалпы, Форумға облысымызда жұмыс жасайтын 80 мекемесінен 113 жас қатысты. «Хабар», «24kz», «Kazakhtv» спутниктік телеарналарында, «bnews», «dailynews», «baq.kz», «otyrar.kz» элекронды порталында форум жұмысы бойынша ақпарат жарияланды.
“Отан – отбасынан басталады” • Қазан айында жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында арнайы педагог-психолог мамандардың қатысуымен 17 кездесу өткізіліп оған 3000-нан аса жастар қатысты. • Жас отбасыларға арналған арнайы 3000 дана әдістемелік құрал шығарылып таратылды • Отбасын құруға ниетті жастарға арнайы кеңестер берілді • Отбасы күні қарсаңында 14 жаңадан отбасы құрған жастармен қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің кездесуі өткізіліп, сыйлықтар тапсырылды
“Жасыл ел” еңбек жасақтары • Тамыз айынан бастап жастарды еңбек қоғамына тарту, оларды туған елінің табиғатын қорғауға шақыру мақсатында 5 ауданда еңбек жасақтары құрылды • 600-ге тарта жастар тамыз айынан бастап аудан, қалаларда және жасыл белдеулер мен орман алқаптарында көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарына тартылды • “Жасыл ел” бағдарламасын насихаттап, жастарға түсіндіру мақсатында аудан, қалаларда 25 кездесу өткізіліп оған 3000-нан астам жастар қатысты • “Жасыл ел” маусымының ашылуы өткізілсе, қараша айының 25 күні жабылу салтанатында белсенді жастар мен мекемелер марапатталмақ
“Мен де өмірге құштармын” • 2013 жылғы тамыз – қазан аралығында аудан, қалалардағы мүмкіндігі шектеулі жастар мен арнайы мамандардың қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды • Аудан, қалалардағы мүмкіндігі шектеулі жастарды қоғамдық ортаға тартуолардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі сайыстар өткізілді • Аудан, қалалардың қорытындысы бойынша облыстық “Мен де өмірге құштармын” байқауына 27 үміткер қатысып өздерінің бағын сынады. • Барлық үміткерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды • Арнайы фильм дайындалып, жергілікті телеарнадан көрсетілді
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының 2013 жылғы қазан айында атқарған жұмыстары
«Білім мен ғылым қоғамына батыл қадаммен!» жобасын жүзегеасыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру 2013 жылғы 10 қазан күні облыстық «Жастар орталығы» тапсырысы бойынша осыдан үш ай бұрын бастау алған инновациялық жобалар байқауы мәресіне жетіп, алты сала бойынша үздіктері айқындалды. Байқау Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылды. Байқаудың жеңімпаздары ғылыми ізденістерін іске асыруға және дамытуға арналған 750 000 теңгені құрайтын грантпен, арнайы дайындалған мүсінше және дипломмен марапатталады. Жоба аясында «Экономика», «Ауыл шаруашылығы», «Химия», «Физика», «Жеңіл және тағам өнеркәсібі», «ІТ технологиялар» салалары бойынша барлығы 58 жоба қатысып, сараптау комиссиясына ұсынылды. Байқау қатысушылары: Жобаға облысымыздың барлық аудандарының студенттері, магистрлары мен жасы 29-ға жетпеген ізденушілері қатысты.
«Жастар шағын және орта бизнесте!» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру Жастарды шағын және орта бизнеске баулу мақсатында 2013 жылғы 24 қазан күні қызмет көрсету (сервис), туризм, салалары бойынша үздік бизнес жобалар конкурсы өтті. Конкурстың әділқазылар құрамында «Damu» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Шымкент инновация» ЖШС-нің, «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің өкілдері қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып табылған «Otau home services», «Sulu models» жобалары 250 000 теңге көлемінде қаржылай грантқа сертификаттар табысталды.
«Жастар қуатты Қазақстан үшін!» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» МКМ-нің тапсырысы бойынша «Оңтүстік облысы жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2013 жылғы 31 қазан күні сағат 11.00-де «Тәуелсіздік Тарландары» жастарға әскери патриоттық тәрбие беруге бағытталған әскери оқу жаттығуы өтті. Мақсаты жастардың бойында Отанды сүю сезімін қалыптастыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымдарын нығайта түсу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылатын сайыс. Сайысқа барлық аудан, қалалардан және әскери кафедраның 80-нен астам студент жастары қатысты.
Республикалық “Жайдарман” көңілді тапқырлар клубының Астана қаласы әкімінің кубогы үшін өткен сайысында облыс атынан қатысқан “Авицена” командасы бас жүлдені жеңіп алды
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының 2013 жылғы қараша айында атқарған жұмыстары
“Бірлігіміз жарасқан” этно-керуені • 2013 жылғы қараша айының бірінші онкүндігінде аудан, қалалардағы түрлі этностардың жастарының арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында “Бірлігіміз жарасқан” этно-керуені шығарылды • Этно-керуен құрамында жастар ұйымдары, ұлттық-мәдени орталықтарының мүшелері, БАҚ өкілдері бар • Аудан, қалалардағы кездесулерге 3000-нан астам ұлт өкілдері қатысты. • Кездесуде түрлі ұлт өкілдерінің жастары өз елінің нағыз патриоттары екенін көрсетті
«Жастар қуатты Қазақстан үшін!» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруҚР Конституциясының 18 жылдығы мен 17 қараша халықаралық жастар күні мерекесіне орай ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен 2013 жылғы 11 қазан күні «Ерлікке тағзым» жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған акция өтті. Акцияға 30 ауған соғыс ардагерлері және 400-ге жуық студент жастар қатысты. Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесі аясында 2013 жылғы 29 қазан күні жастар арасында әскери – патриоттық, әскери – спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараларға 150-ге жуық жас қатысып, жеңімпаздар марапатталды.
Жас отбасылар арасында спорттық сайыстар • 2013 жылғы қыркүйек айында жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайту, олардың бірлігін сақтауды насихаттау мақсатында 17 кездесу өткізілді • Жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды түсіндіру мақсатында ірі және шағын кәсіпорындардағы жас отбасылар арасында сайыстар өткізіліп, оған 3000 адам қатысты • Жас отбасыларға бала тәрбиесінде керекті мәліметтер берілді, отбасы тәрбиесі туралы кеңестер берілді
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралар • Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының есебінде 988 жасөспірім, 483 қолайсыз отбасы бар. • 2013 жылғы тамыз – қазан айлары аралығында түнгі рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды. • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру фактісі бойынша 34 адам жауапкершілікке тартылған. • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы фактісі бойынша 288 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. • Он сегіз жасқа толмағандарға темекі және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы фактісі бойынша 39 адам жауапкершілікке тартылған. • Заңды өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы фактісі бойынша 4324 әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жастардың діни сауаттылығын арттыру • 2013 жылғы қазан – қараша айларында облыстағы 10 жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы жатаханаларда студенттермен теолог мамандармен дін өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді • Кездесуге барлығы 500-ге жуық жастар қатысып, діни сауаттылықтарын арттырды
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп облыс аумағында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған 3 айлық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін басқармаға сайлау комиссиясының мүшесі Лаззат Жаңылысқызы Сүлеймен алғыс хат тапсырды.
Басқарма басшысы А.Аликуловпен өткен брифингтер • Облыс әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес 2013 жылғы 8 қараша күні облыс әкімдігінде БАҚ-ы өкілдеріне 10 айда атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді • Сондай-ақ жергілікті “Қазақстан-Шымкент” телеарнасында тікелей эфир арқылы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы тұрғындармен сұхбат жүргізді