1 / 18

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы  Анатомия к афедра сы Тақырыбы :

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы  Анатомия к афедра сы Тақырыбы : Бет-жақ аймақтарының туа біткен ақауларының клиникалық анатомиясы. Мақсаты: студенттерді бет-жақ аймақтарының туа біткен ақауларының клиникалық анатомиясымен таныстыру. Дәріс жоспары: Бет-жақ аймақтарының дамуы.

george
Download Presentation

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы  Анатомия к афедра сы Тақырыбы :

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы  Анатомия кафедрасы Тақырыбы: Бет-жақ аймақтарының туа біткен ақауларының клиникалық анатомиясы

  2. Мақсаты: студенттерді бет-жақ аймақтарының туа біткен ақауларының клиникалық анатомиясымен таныстыру. • Дәріс жоспары: • Бет-жақ аймақтарының дамуы. • Бет-жақ аймақтарының туа біткен ақауларының дамуы.

  3. Эмбрионда бірінші ауыз қуысын қоршап тұратын 5 ұрықтан пайда болады. Егер қандайда бір себептермен бөлек-бөлек өсінділер бірікпей қалса /толығымен, жартылай/, ол кезде туа болған ақау пайда болады /жырық/. Олардың ішінде көп кездесетіндері: 1. жоғарғы еріннің жырығы, 2. таңдай жырығы, 3. бет жырығы, кейде кейбір жырықтар бөлек қабаттарда болады, ондай жырықты жабық жы­рық деп атайды. Жоғарғы ерін жырығын ортаңғы және бүйір деп бөледі. Бүйір жырық бір және екі жақты болады. Бұл ақау жиі жоғарғы жақтың аль­веолярлы өсіндісімен біріге отырып ақаулы түрде кездеседі. Егер еріннің барлық бойымен өтіп, бірақ мұрын қуысына өтпесе жартылай жырық деп, ал мұрын қуысына өтсе жолық жырық деп аталады. Жоғарғы жақтың бір жақты бүйірлік жырығы жиі кездеседі, екі жақтағыға қарағанда.

  4. Толық жырықтар көбіне біріккен түрде кездеседі. Альвеолярлы доғаға дейін жайылған саңлау пішіні мен орнын сақтайды, ол кезде жақ аралық сүйектер қалыпты жағдайда қозғалады: ол алға және қиғаш бағытта болады. Ол кезде ақау бүйір күрек тістің орнында болады. Жарықтың жиегінде орналасқан тістер жеткілікті дамымайды, өз орнынан ауысқан, тамырланбаған және ішкі жағында тістің альве­олы дамымаған болады, ол кезде тіс түсіп қалады. Бір жақты бүйір жырықта теріде науаша жақ аралық сүйекпен бірге латералді ауысып және саңлаудың ішкі жиегінде орналасады. Мұрын бөлгіші ол кезде бір жағына қисайып кетеді, жасына қарай мұрын қанаты да қисая бастайды. Кейбір жағдайда жырық жиектерінің арасына жұмсақ ұлпадан көпірше салады. Саңлаулар барлық уақытта бірдей болмайды және науашаның көлемі, түрі және орналасуы әр түрлі болады. Ол жиі үш бұрышты, тғрт бұрышты пішінде болады, артқы бет пен жиектері шырышты қабықпен жабылған.

  5. Жоғарғы ерін ақаулары

  6. Таңдай жырықтары.Екі негізгі топқа бғлінеді: 1. тесіп өткен, 2. тесіп өтпе­ген. Тесіп өткен-альвеолярлы өсінді арқылы ауызға кіре беріске дейін өткен. Тесіп өтпеген-толық және жартылай-бір жақты және екі жақты болып бөлінеді.Жырықтар:тесіп өткен және тесіп өтпеген: бір жақты жартылай екі жақты толық.Жартылай тесіп өтпеген жырық кезінде жұмсақ таңдайда және жартылай қатты таңдайда ақау болады. Таңдай пластинкасы көлденең және бір жаққа қисая орналасады. Жұмсақ таңдай ұзындығы жеткілік дамымайды, қысқа және толық жырық кезіндегідей пішінде болады.Толық тесіп өтпеген жырықта жұмсақ және қатты таңдайда ақау болады, ол ортаңғы сызық бойында орналасады. Осы ақау кезінде альявеолярлы өсінді жақсы жетіледі, тістері уақытылы жасына қарай шығады. Жырық жазыңқы, ұшы күрек тіс тесігіне сәйкес болып ке­леді. Желбезек саңлау деңгейінде болмайды, мұрын бөлгіші Әлсіз дамыған. Жұмсақ таңдай әлсіз дамыған, бүйір жақтары жұтқыншаққа тартылып тұрады, бадамша бездермен бірігіп тұрады, аңқа жайылып тұрады.

  7. Хирургиялық емдеудің түрлері

  8. Екі жақты тесіп өткен жырығы өте ауыр ақау болып есеп­телінеді. • 5 Кесте беттің ақауларының дамуы. • а. жартылай тесіп өтпеген жырық • б. екі жақты тесіп өткен жырық • д. қатты таңдайдың жекеленген тесіп өткен жырығы жұмсақ таңдайдың жабық бұлшық етті жырығы және тіл жырығы, • е. тіл жырығы және сүйекті және • бұлшық етті жабық жырық, • І. Сүйектің артқы қысқарған жиегіне жұмсақ таңдай бұлшық етінің бекітілетін жері • 2. Жұмсақ таңдай бұлшық етінің ішкі жиегі, • 3. ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабығының жұқа мембранасы.

  9. Беттің жырықтары: көлденең, ортаңғы және қиғаш болады.Көлденең жырық /макростомия/ Әр түрлі ұзындықта, ауыз бұрышынан ұрт аймағына дейін созылып жатады. Макростомия кезінде ақау сыртқы құлаққа дейін созылуы мүмкін, кейде беттің бір жағының барлығында жетіспеушілік болады. Жиі шайнау бұлшық етіне дейін созылатын жырықтар кездеседі. Сирек беттің ортаңғы жырығы кездеседі. Ол кезде ақау ортаңғы сызық бойымен жоғарғы және төменгі ерінде болады. • Жұмсақ ұлпалардан басқа жоғарғы жақта ұшы жүлге тәрізді ақау және мұрын бөлгішінде кездеседі. Ауыр жағдайларда еріннің бөлінуі, төменгі жақтың және тілдің бөлінулері кездеседі. • Беттің қиғаш жырықтары /коломба/ сирек кездеседі. Тілік жоғарғы ерін, ұрт және төменгі қабақ және көз шарасы арқылы өтеді. Жырық толық /ауыз қуысына, мұрын қуысына өтіп кетеді/ не­месе жартылай/ көз айналасындаөы ұлпаларды ғана қамтиды/ болуы мүмкін. • Бетте басқа да туа болған ақаулар кездеседі: жырық бойындағы жыланкөз, терідегі киста, ауыздың атрезиясы, көз саңлауының, мұрынның сыртқы тесігінің атрезиясы.

  10. Ауыз саңлауының, мұрынның, көз саңлауының атрезиялары - ол кезде тезірек хирургиялық көмек көрсету керек. • 2. Макрогнатия, микрогнатия - жоғарғы жақ көлемінің өзгеруі. • 3. Макрогения, микрогения – төменгі жақ көлемінің өзгеруі. • 4. Макростомия, микростомия - ауыз қуысы көлемінің өзгеруі. • 5. Жоғарғы еріннің ауыспалы жерінің қысқалығы - медиалді жоғарғы күрек тістер дамуына кедергі жасайды. • 6. Тіл бөлігінің толық емес бірігуі, тілдің ауысатын жерінің қысқалығы, тіл ұшының айырлығы.

  11. 7. Өз орнынан сілекей бездерінің ауысуы, өзектердің бөлінуі, олардың сағасының ауыз қуысы кілегей қабығына ауысуы, екі еселі бөліктердің пайда болуы. Бездің болмауы. • 8. Төменгі еріннің бүйірлік жыланкөзі, сілекей безінің жы­ланкөзі. • 9. Қоян жырық - labіum leporіnum. • 10. Ортаңғы мұрын өсіндісінің жоғарғы ерінмен бір немесе екі жағынан бірікпеуі - fіssura labіі superіorіs lateralіs. • 11. Тілшіктің бөлінуі. • 12. Қасқыр үңгірі тәрізді жырық - daux lupіna • 13. "Готикалық таңдай" - өте жоғары тұратын таңдай.

  12. Туа болған таңдай жырықтары

  13. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет

More Related