120 likes | 640 Views
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жастар, студенттер және жас кәсіпкерлер арасында өткізілетін «Инновациялық Қазақстан» р еспубликалық идеялар конкурсы. Ұйымдастырушысы: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
E N D
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жастар, студенттер және жас кәсіпкерлер арасында өткізілетін «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсы
Ұйымдастырушысы: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Ұраны: «Сенің идеяң! Сенің мүмкіндігің! Сенің болашағың!». Конкурстың миссиясы: Жастардың, студенттердің және жас кәсіпкерлердің Қазақстандағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларын іздеп табу және қолдау.
Конкурстың мақсаттары: • Қазақстан жастарының инновациялық ой-санасын ынталандыру; • Талантты жастар жасағын және «жобалар мен идеялар қоржынын» құру. • Қордың Қазақстанның инновациялық дамуының негізгі провайдерлерінің бірі ретіндегі имиджін арттыру.
Кім конкурстың қатысушысы бола алады? Конкурс комиссиясының және конкурстың атқарушы органы өкілдерінің тура жақындары болып табылмайтын 15-тен 30-қа дейінгі жас адамдар (Қазақстан азаматтары). Ол үшін не керек? 1. Белгіленген форма бойынша өтінімді толтыру, жеке куәлік, паспорт/туу туралы куәлік көшірмесін қоса жіберу; 2. Жобаның идеясын таныстырып көрсетудің формасын толтыру.
Жобаныресімдеу: - негізгімәтіннің көлемі – А4 пішіміндегі 20 беттенаспайды (мәтіндік құжат немесетаныстырылым); - жұмысқа жобамәтініне қосымша түрінде ресімделгенграфиктер, кестелер мен басқа да графикалық материалдарқоса берілуімүмкін, қосымша көлемі – А4 пішіміндегі 10 беттенаспайды; - қаріпTimes New Roman,14 пт., жоларалық қашықтық – біржарым; - беттернөмірленуі тиіс, парақтар брошюраға жинақталмайды және тігілмейді; - егерөтінім электрондық поштаменжіберілсе, файл көлемі 2 Мб-тан аспауытиіс; - егержобакөлемі 2 Мб-тан асыпкетсе, файлдыдискігежазып, олпоштаменнемесеқолма қол жеткізілуітиіс.
2011 жылғы 28 тамыз, Астана қ. • Өтінімді қай жерден алуға болады? • i-kaz.kz сайтынан • Қалаңыздағы мобильді топтар волонтерлерінен. • Өтінімді қалай тапсыру керек? • Пошта арқылы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 32, 1 қабат, 102 каб., «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсы деген белгімен • i-kaz.kz сайтындағы форманы толтыру. • Өтінімді қашан тапсыра аламын? • 2011 жылғы 13-қыркүйек күні бастап, 2011 жылғы 1-караша күні сағат 18-00-ге дейін.
Қандай номинациялар болады? 1. «Технологиялық серпін» (ғылым, технологиялар, өндіріс): - Инженерлік-техникалық инновациялар; - Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялар; - Өндірістік қызмет саласындағы бастамалар; - Энергия үнемдеу технологиялары саласындағы инновациялар; - Экология және табиғатты пайдалану салаларындағы бастамалар; - Басқарушылық инновациялар. 2. «Әлеуметтік идеялар»: - Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы бастамалар; - Мемлекеттік, жергілікті басқару салаларындағы бастамалар; - Қоғамдық-саяси өмір саласындағы бастамалар; - Өңірлердегі, қалалардағы, ауылдардағы инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы бастамалар.
Өтінім түрлері: • Жеке. • Топтық (5 адамға дейін, қоса алғанда) • Конкурстың финалға шығушыларын іріктеу және марапаттау • 2011 жылғы желтоқсанның 2-сі мен 9-ын қоса алғанда Конкурстық комиссия: • - келіп түскен Конкурстық өтінімдердің бағалануын өткізеді; • - Конкурстың әр номинациясы бойынша 5 финалға шығушыны (барлығы 10 адам) іріктеуді өткізеді; • - финалға шыққандар арасынан Конкурстың 2 жеңімпазын анықтайды: әр номинация бойынша бірінші орын. • Конкурстың барлық финалға шығушылары Астана қаласында өткізілетін «Инновациялар-2011» форумына қатысуға және марапаттау рәсіміне шақырылады.
Сыйлық қоры • Конкурстың финалға шығушылары дипломдар мен бағалы сыйлықтарды иеленеді. • Жеңімпаздардың әрбіреуі 5 миллион теңгені құрайтын оқу гранттарын алады (оқу ақысы, жолақы, сақтандыру, тамақтану, шәкіртақы және т.б.): • - ірі шетел оқу орындарының бірінде non-degree бағдарламасы бойынша оқу (1 семестр); • - тілдік бағдарлама бойынша тілдік ортаға еніп оқу (1 семестр); • - шетел және қазақстандық компанияларда ақы төленетін ғылыми/өндірістік тағлымдамадан өту; • Сыйлық қорына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес табыс салығы салынады.
Конкурстық өтінімдерді бағалаудың критерийлері - идеяның біртумалығы (өзгешелігі, өзіндік ерекшелігі); - іске асырыла алатындығы (оны жүзеге асыру мүмкіндігі, идеяның атқарылуы); - тиімділігі (оптималды қаржы ресурстарын тартып, шектелген уақыт ішінде идеяны іске асыру мүмкіндігі); - трансформациялануы (оны өмірдің қилы салаларында қолдану мүмкіндігі); - әсер ету ауқымдылығы (идеяны жүзеге асырудан қанша адамға пайда келетіндігі).
Есте сақтаған жөн! • Конкурстық өтінімдер негіздемесі бар көкейкесті проблемалардың инновациялық шешімдерін беретін идеяларды ұсынуы тиіс. • Конкурстық өтінімдерде көрсетілген шешімдер техникалық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрғылардан алғанда тиімді болуы қажет.
Қосымша ақпаратпен i-kaz.kz сайтында танысуға болады. Байланыс ақпараты: info@i-kaz.kz Тел.: +7 7172 97 43 23/24 Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Республика даңғылы, 32, 1 қабат, 102 каб.