1 / 12

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі. 2011 ж. Банк қызметінің құқықтық негізі. 1. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №110- II «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңы .

dezso
Download Presentation

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі 2011 ж.

  2. Банк қызметінің құқықтық негізі 1. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №110-II «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңы. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі №364 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» қаулысы. 3. 2003 жылғы 10 шілдедегі №4794-1900-АҚ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. 4. 2007 жылғы 20 тамыздағы №254/1 Банктер ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыратын банктік және басқа да операцияларды жүргізу лицензиясы.

  3. Қызметтің негізгі түрлері «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз мамандандырылған банк. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметінің негізгі түрлері: - тұрғын үй құрылыс жинағына салым қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу; - салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларын жүргізу үшін тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру.

  4. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – тұрғын үй құрылыс жинағына салымшылар ақшасын тарту мен оларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үй заемдарын беруге негізделген тұйық қаржыландыру жүйесі. САЛЫМШЫ жинақ шотына ай сайынғы жарналар ТҚЖ жүйесіне қатысушылар БАНК сыйақы есептеу ЖИНАҚТАУ 50% МЕМЛЕКЕТ жыл сайынғы сыйлықақы БАНК тұрғын үй заемын беру КРЕДИТ БЕРУ 50% САЛЫМШЫ тұрғын үй заемын өтеу

  5. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің ерекшеліктері - Салымшы мен заемшы – бір тұлға; - Қызмет ету негізі – «өзара көмек кассасы» ұстанымы; - Жүйенің тұйық болуына орай нарықтық тұрақсыздыққа тәуелді болмауы; - Төмен, өзгермейтін пайыздық мөлшерлемелер (тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің көлемі тұрғын үй құрылыс жинағына салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылына 3%-дан аспайды); - Жинақты мемлекет сыйлықақысымен ынталандыру.

  6. ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің заемдарын пайдалану мақсаттары • Тұрғын үй сатып алу; • Тұрғын үй салу; • Тұрғын үйді жөндеу; • Тұрғын үйді жаңарту; • Тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына байланысты орын алған міндеттемелерді өтеу; • Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға басқа банктен банктік заем алу үшін бастапқы жарна салу. 6

  7. Банктің тарифтік бағдарламалары

  8. Тұрғын үй заемдары Тұрғын үй заемдары тұрғын үй жағдайын жақсартуға қажет соманың 50%-ын жинаған, бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне қол жетізген кезде беріледі.

  9. Аралық тұрғын үй заемдары Аралық тұрғын үй заемдары жинақтың 50%-ын мерзімінен бұрын жинаған жағдайда беріледі. Жинақтау мерзімі аяқталған соң жиналған жинақ және аралық тұрғын үй заемын өтеуге жіберілетін тұрғын үй заемы төленеді.

  10. «ЖЕҢІЛ» бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемдары

  11. Алдын ала тұрғын үй заемдары Алдын ала тұрғын үй заемдары тұрғын үй құрылыс жинағын алдын ала жинаусыз беріледі, тұрғын үй құрылыс жинағы алдын ала тұрғын үй заемының сыйақысын өтеумен қатар жиналады. Жинақтау мерзімі аяқталған соң жиналған жинақ және алдын ала тұрғын үй заемын өтеуге жіберілетін тұрғын үй заемы төленеді.

  12. КӨҢІЛ БӨЛГЕНДЕРІҢІЗ ҮШІН РАХМЕТ!

More Related