1 / 8

Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс

Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс.

amiel
Download Presentation

Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс Наурыздың 12 – сінен 13 – не қараған түні аяқ астынан келген апат ел – жұртты қорқыныш қоршауына алды. Баласын еркелеткен ананың көзіндегі мейірімді мұңға алмастырып, өрімдей ғана жас баланың жүзіндегі шаттықты ұрлаған апат өкінішке орай, Алматы облысы Қызылағаш ауылында болды. Бұл жағдай ешкімді де бейжай қалдырмады. Қызылағаштағы болған оқиғаға байланысты “Коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының” оқытушысы Е.Т. Шайхинаның ұйымдастыруымен, Жалпы медицина факультетінің 041 топ 1 курс студенттерінің қатысуымен “Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс” тақырыбында оқу – тәжірибелік сабақ өтті.

  2. Сабаққа Университет бойынша төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Таскеева Бақытгүл Жорабаевна, кафедра бойынша жауапты оқытушы Қашағанова К.Т., оқытушы Абсатарова Г.П. қатысты. Сабақтың мақсаты төтенше жағдайлардағы медицина және әскери қызметкерлердің дайындығын көрсету. Студенттер өз қойылымдарында апатты жағдайдағы Қызылағаштықтардың жай – күйімен қатар, алғашқы көмек көрсету шарттарын да келген қонақтарға жеткізіп берді. Ені 20 шақырым, ұзындығы 50 шақырымға созылған апат орнын кішкентай ғана аудиторияға сидырған студенттер жапа шеккендердің өмірінің қайғылы кезеңдерінен үзінді көрсетті. Апат әкелген шығындарды нақтылы деректерден топтастырып қонақтардың назарына ұсынды. Сондай – ақ Қызылағаштықтарға көрсетіліп жатқан моральдық және материалдық көмек көрсету барысын бейнетаспадан көрсетіп жүректерді тебірентті.

  3. Сабақ соңында қонақтар өз ойларымен бөлісіп, сабақ көздеген мақсатына жеткендігін алға тартты. Апаттың айтып келмейтіндігін және кез келген төтенше жағдайларға дайын болуымыз керек екендігін де тілге тиек етті. Тақырып аясын кеңінен көрсету үшін студенттер жер сілкінісі жағдайындағы алғашқа жәрдем және құтқару шараларымен де таныстырды. Сабақ барысында 041 топ студенттері Мырзаимова А., Қуанышов А., Шабакова А., Сүйеубеков Б., Бердалиева С., Үсенова А., Ақбаев Қ. белсенділік танытты. Коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы оқытушысы Шайхина Еркетай, Жалпы медицина факультетінің 1 курс, 041 топ студенті Сүйеубеков Бекзат.

More Related