1 / 55

Химия пәнінен интерактивті on - line сабағы 8-9 сыныптар

Химия пәнінен интерактивті on - line сабағы 8-9 сыныптар. Өскемен қаласы, химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, химия пәнінің мұғалімі Шаматова Гаухар Жанибекқызы. Сабақтың тақырыбы : Галогендерді алу, галогенсутектер .Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер

shanon
Download Presentation

Химия пәнінен интерактивті on - line сабағы 8-9 сыныптар

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Химия пәнінен интерактивті on-line сабағы8-9сыныптар Өскемен қаласы, химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, химия пәнінің мұғалімі ШаматоваГаухарЖанибекқызы

  2. Сабақтың тақырыбы: Галогендерді алу, галогенсутектер .Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер Өткізілу күні:27.09.12 жӨткізілу уақыты: 11.00Өткізілу орны: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев ЗияткерлікмектебіМұғалім: Шаматова Г.Ж.Қатысушылар:8-9сыныпоқушыларыПән: Химия

  3. Галогендерді алу, галогенсутектер .Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер Получение галогенов, галогеноводороды. галогенводородные кислоты,галогениды. Receiving halogens Galogenovodoroda. galogenvodorodny acids, halogenide

  4. Ақылға күшті тыныштық емес, жаттығу береді. А. Поп

  5. Сабақтың мақсаты: Галогендерді алу, галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер туралы білім бере отырыполардың қолданылуымен таныстыру; Галогендерді алу, галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер құрамы, құрылысы және қасиеттері туралы білім –білік дағдыларын дамыту; Галогенидтердің қолданылуы мен маңызы туралы тәрбие беру.

  6. Cабақтың міндеті: • Галогендерді алу, галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер туралы білімі жайлы мәлімет беру. • Галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер олардың қолданылуы мен биологиялық рөлі, физиологиялық әсерін және оларды қолдану кезіндегі сақтық шараларын түсіндіру.

  7. Оқытудың күтілетін нәтижелері: • Галогендерді алу, галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер туралы тереңіректүсінік қалыптасады; галогенсутектер, галогенсутек қышқылдары, галогенидтер және оларды қолдану жайлы білімдері кеңейеді; биологиялық рөлі мен физиологиялық әсерін білетін болады;

  8. Өткенді еске түсіру: 1. Галогендердің кең тараған маңызды қосылыстарын ата; 2. Галогендердің оксидтерін жазып ондағы галогендердің тотығу дәрежесін анықта. 3. Хлордың оттекті қышқылдарының атын атап молекулалық және құрылымдық формуласын жаз.

  9. Жоспары: • Галогендерді алу • Галогенсутектерге жалпы сипаттама; • Галогенсутек қышқылдарын алу және физикалық химиялық қасиеттері; • Галогенидтердің физикалық химиялық қасиетері мен қолдануы

  10. Фторды алу Басқа галогендерге қарағанда фторды бос күйінде алу өте қиын, себебі ол электртерістілігі ең жоғарғы элемент. Фторды калий фторидінің фторлы сутекпен балқымасын қорғасыннан жасалған ыдыста электролиздеп алады. Графиттен немесе никельден жасалған анод қолданылады. 2КНF2 → 2К + 2F2 + Н2 КF → К+ + F-

  11. Хлорды алу Зертханада: концентрлі тұз қышқылына тотықтырғыштармен әсер ету арқылы алады 6HCI +KCIO3 = KCI + 3CI2↑ + 3H2O 4HCI + MnO2 = MnO2 + 2Cl2↑ + 2H2O 16HCI+2KMnO4 = 2MnCl2 + 5CI2 ↑ +2KCI + 8H2O Өндірісте: сілтілік металдардың хлоридтерін электролиздеу арқылы алады 2NaCI+2H2OH2↑ +CI2 ↑ +2NaOH Эл.тоғы

  12. Бром мен йодты алу Зертханада алу: K2Cr2O7+6KBr +7H2SO4 =2Cr2(SO4)3+4K2SO4+3Br2 +7H2O Йодит ионын күшті тотықтырғыштармен тотықтыру арқылы алады 8 NaI + 5 H2SO4(конц.) = Na2SO4 + 4 I2 + H2S + 4 H2O 4 КI + 2 СuSO4 = 2 СuI + I2 + 2 К2SO4электролиз 2 H2O + 2 NaI = Н2 + I2 + 2 NaOH Өндірісте алу: 2KI+CI2=2KCI+I2 2 NaBr + Cl2 = 2 NaCl + Br2 Өзінен кейінгі галогендерді тұздарынан жеке бөліп шығарады

  13. Галогенсутектер Галогендердің сутекті қосылыстарын галогенсутектер деп атайды. Барлық галогенсутектер (фторсутектен басқасы) қалыпты жағдайда түссіз газдар, себебі фторсутектің tқайн. +19,40С . Салқын жерде ол сұйық күйінде болады. Галогенсутектердің кейбір физикалық қасиеттерін төмендегі кестеден көруге болады.

  14. Галогенид иондардың тотықсыздану белсенділігі мына қатарда артады, F-– СI- – Br-– I- осы қатарда бос күйіндегі галогендердің тотықтырғыштық белсенділігі кемиді ол стандартты электродтық потенциалдар мәнімен анықталады CІ2күшті тотықтырғыш және улызат, көздің, мұрынның сілемейліқабықшаларын тітіркендіріп, тоқтамай жөтеледі, қатты уланғанда қанды қақырық түсе бастайды. Ауадағы хлордың зиянсызконцентрациясы0,005 мг/дм3, егерхлордың шамасы 0,2 мг/дм3жетсе ол қауіпті жағдай деп есептеледі. Ал концентрациясы 2 мг/дм3жеткендеадам тез өліп кетуімүмкін.

  15. Галогенсутектер суда жақсы ериді. Хорсутектің ерігіштік коэффициенті 00С 500 –ге тең, ал фторсутек суда шексіз ериді. Галогенсутектердің концентрлі ерітінділері дымқыл ауада “түтінденеді” себебі, ерітіндіден бөлінген галогенсутек су буыменен қосылып ерітіндінің ұсақ тамшыларын түзеді.

  16. Галогенсутектердің HF →НCI → HBr→ HI мына қатары бойынша судағы ерітінділерінде қышқылдық қасиеттері артады, себебі периодтық жүйеде топ бойынша жоғарыдан төмен қарай ядро зарядтарының шамасы артқан сайын атом радиустары да артады. Сондықтан сутек пен галоген арасындағы байланыс әлсірейді де сутек ионы оңай бөлінеді.

  17. Галогенсутектердің тұрақтылығы мына қатарда кемиді HF →НCI → HBr→ HI . Фторсутек 3000 0С атомдарға диссоциацияланбайды аталған галогенсутектер қатарында тұрақтысы иодсутектің. Иодсутектің 19% -зы 300 0С иод және сутекке ыдырай бастайды.

  18. Фторсутек Фторлы сутекті, флюоритке концентрлі күкірт қышқылымен әсер етіп алады: CaF2 +H2SO4 = CaSO4↓ + 2HF Фторлы сутек газы -19,6 0C сұйылатын түссіз тұншықтырғыш иісті газ, ал 900С – тан төмен температурада ассоциацияланған күйде болады, себебі молекулааралық сутектік байланыстар түзеді.

  19. HF ауада түтінденіп тұрады, оның судағы ерітіндісі әлсіз қышқыл HF + H2O ↔ H3O+ +F- 60 % -дық HF қышқылын “балқытқыш қышқыл “деп атайды, себебі шынының құрамындағы кремний оксидін ерітеді. 4HF + SiO2 = 2H2O + SiF4↑ Сондықтан балқытқыш қышқыл шыны бұйымдардың бетіне өрнек салуда қолданылады: Na2O ∙CaO ∙6SiO2 +28HF = 2NaF +CaF2+ 6SiF4 +14H2O

  20. Фторлы сутек қышқылы полиэтилен шөлмектерде сақталады, адамның денесіне тисе жазылмайтын жара қалдырып күйдіреді. Фторсутектің тұздары – фторидтер деп аталады. CaF2аз еритін зат, флюорит минералының негізгі құраушысы, металлургияда флюстерге қоспа ретінде қолданылады NaF– улыағашты бүлінуден сақтайды, тіс пасталарына тісжегіге қарсы қоспа ретінде қосылады, Na3[ AIF6] –криолит , натрийдің гексафтор алюминаты, алюминий өндіруде еріткіш ретінде қолданылады. Фтор тефлон алуда, фреон өндіруде және балқытқыш қышқыл алуда қолданылады.

  21. Жадыңда жүрсін! Су жана ма? Иә, жанады. Фтор атмосферасында судың жануы мына реакциямен өрнектеледі: 2F2 + H2O =4HF +O2 Ал шыны ше? Иә, ол да жанады. Шыны “талшықтарының “ фтор атмосферасында жануын мына реакциямен түсіндіреміз: Si+ 2F2 = SiF4

  22. Хлорсутек • Хлорлы сутек түссіз, өткір тұншықтырғыш иісті газ, ол ауадан 1,26 есе ауырауа бойынша салыстырмалы тығыздыығы – 1,259, суда өте жақсы ериді; 1 л. Суда 450л. HCIериді. – 840 С хлорлысутек сұйылады, -1120С қатады, - 15,3 0С қайнайды. Хлорлысутектің судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады (HCI)

  23. Алынуы Натрий хлоридіне күкірт қышқылымен әсер етіп алады: NaCIқұрғақ +H2SO4(к) = NaHSO4 + HCI NaHSO4 + NaCI = Na2SO4 + HCI Бірақ-та бұл әдіс қымбатқа түседі (күкірт қышқылын шығынын) қажет етеді,ал алынған хлорсутек аса таза болмайды. PCI3+ 3HOH = H3PO3+ 3HCI Жай заттардың өзара әрекеттесуі арқылы алу синтез әдісі деп аталады. H2+CI2= 2HCIалынған газды суда ерітіп қышқыл аламыз.

  24. ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫ • Бір негізді күшті тотықсыздандырғыш қышқылHCI

  25. Тұз қышқылы электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдармен, оксидтермен және көптеген металдардың гидроксидтерімен әрекеттеседі, сонымен қатар кейбір тұздардың ерітінділерімен алмасу реакциясына түседі. Қышқылдар электролит болғандықтан иондарға диссоциацияланады: HCI ↔ H++ CI-

  26. Тұз қышқылының химиялық қасиеті 1. Металдармен әрекеттеседі: Zn + 2HCI = ZnCI2 + H2↑ 2. Негіздік оксидтермен: MgO +2HCI = MgCI2+ H2O 3. Негіздермен: NaOH + HCI = NaCI + H2O 4. Тұздармен: AgNO3+ HCI = AgCI↓ + HNO3

  27. Видеоролик HCI – дың химиялық қасиеті

  28. CI – иондарының Ag+иондарымен әрекеттесу кезінде AgCIақ тұнбасының түзілуі хлор ионнының сапалық реакциясы болып табылады. AgNO3+ HCI = AgCI↓ + HNO3

  29. Видеоролик сапалық реакция

  30. Тұз қышқылы сонымен қатар органикалық заттармен де әрекеттесе алады. мысалы: ацетиленмен әрекеттескенде винилхлорид алынады. НС≡СН + HCI →H2C═CHCI

  31. Тұз қышқылының қолданылуы Дені сау адамның асқазанында қарын сөлінің құрамында 0,3% тұз қышқылы болады, ол биоөршіткінің қызметін атқарады, себебі ол ферменттерді белсенді күйге көшуге және антибактерицидтік қызмет атқарады. Сонымен қатар халық шаруашылығында үлкен маңызы бар. Химия өнеркәсібінде – пластмасса, сірке қышқылы, өзінің тұздарын,спирт, бояулар өндіру үшін және ағашты гидролиздеуге қолданылады. Гидрометаллургияда (Pt, Au, Ag)өндіруде, тері илеуде мата өндірісінде т.б қолданады.

  32. Тұз қышқылының тұздары Тұз қышқылының тұздары хлоридтер деп аталады, олардың көпшілігі суда ериді тек күміс, қорғасын, бір валентті сынап және мыс хлоридтері ерімейді.

  33. Натрий хлориді NaCI ас тұзы тамақ өнеркәсібінде қолданылады және 0,9% судағы ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады, ол адамнан көп қан кеткен кезде осмостық қысымды сақтау үшін қолданылады, сондай –ақ хлор, натрий, тұз қышқылы , натрий гидроксиді сода алуда негізгі шикізат болып табылады.

  34. Калий хлориді KCI – көп мөлшерде ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыш ретінде қолданылады; Кальций хлориді CaCI2тоңазытқыш қоспалар дасау үшін, сусыз кальций хлориді газдарды кептіру үшін қолданылады; Мырыш хлоридінің ZnCI2ерітіндісін теміржол шпалдарына сіңіріп шіруден сақтау үшін, сондай –ақ дәнекерлеу кезінде пайдаланады.

  35. Бромсутек алу Зертханада: фосфор үшбромидінің және фосфор үшиодидінің гидролизі арқылы алады. РBr3 + 3 Н2О = Н3РО3 + 3 НBr↑ РI3 + 3 Н2О = Н3РО3 + 3 НI↑ SO2 + Br2 + 2 H2O = 2 HBr↑ + H2SO4 BaS + 4 Br2 + 4 H2O = 8 HBr↑ + BaSO4↓

  36. Бромсутек қышқылы Бромсутек қышқылы HBr

  37. Бромсутек газысуда жақсы ериді: 00 С – да 221г. ериді ал 25° С –да 193 г. ериді. Сулыерітіндісіқұрамында 47,63% HBrболатыназеотропты(бөлінбей айдалатын)қоспа түзеді , ол 124,3 °C –да қайнайды. Бромдысутекэтанолдаерігендеәлсіз электролит түзіледі. HBr–ның сулы ерітіндісін салқындатқан кезде температураға байланысты құрамы өзгеріп отыратын кристаллогидраттар түзіледі: HBr· H2O -15,5-3,3 °C− тұрақты бромсутектің моногидраты HBr· 2H2O -11,2 °C – балқиды (дигидраты) HBr· 4H2O - 55,8 °C - балқиды (тетрагидраты) HBrқыздыруға өте тұрақты 1000 °C –да молекулаларының 0,5 % ғана элементтергеыдырайды:

  38. Бромсутек қышқылының химиялық қасиеті Бромдысутектің судағы ерітіндісібірнегіздікүшті қышқыл түзеді. HBr +H2O↔ Br- + H3O+ Бромдысутек қышқылы қышқылдарға тән барлық реакцияларға түседі: 2HBr + Mg = MgBr2 + H2↑ 2HBr + CaO = CaBr2 + H2O HBr + NaOH = NaBr + H2O

  39. Бромдысутек және иодтысутек қышқылдарының тотықсыздандырғыштық қасиеті тұз қышқылына қарағанда әлдеқайда жоғары, сондықтан күшті тотықтырғыштармен әрекеттескенде бос күйіндегі галогенге дейін тотығады 2HBr + H2SO4 = Br2+ SO2 +2H2O 8HI + H2SO4 = 4I2 +H2S +4H2O

  40. Бромдысутек қышқылы ауада баяу тотығатындықтан ерітіндісі қоңыр түске боялады: 4HBr + O2 = 2Br2 +2H2O Бромсутек қышқылы органикалық қосылыстардың бромтуындыларын және бромидтер алуда қолданылады.

  41. Иодты сутек Иодты сутек түссіз өткір иісті газ, -35,40C да сұйылады, -50,80C қатады; суда жақсы ериді (1 көлем суда 500 көлем иодтысутек) иодты сутек молекуласындағы байланыс ковалентті полюсті байланысσs-p

  42. Алынуы • Фосфор (III) иодидін гидролиздеп; PI3 + 3HOH =3HI +H3PO3 Иодты сутек суда жақсы ериді, ерітіндісі иодты сутек қышқылы; тұз қышқылынан күштірек, тұрақтылығы төмен қышқыл, себебі оның тотықсыздандырғыштығы басымдау болады. Галогенді сутек қышқылдарының ішіндегі күштірегі осы иодты сутек қышқылы.

  43. Химиялық қасиеті • Иодты сутек қышқылы оңай тотығып, бос күйіндегі иодты бөледі. -1 +6 0 +4 2HI + H2SO4 = I2 + SO2↑ +2H2O иод тотықсыздандырғыш тотығу дәрежесі -1 ден 0 ге дейін тотығып, ал күкірт тотықтырғыш +6 дан +4 тотықсызданып тұр. Тұздары иодиттер деп аталады, олардың ішінде AgI,PbI2, CuI, Hg2I2ерімейтін тұздар.

  44. Иодиттер де тотығу тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыштар болады: 10KI+2KMnO4+8H2SO4=2MnSO4+5I2=6K2SO4+8H2O иод тотықсыздандырғыш ал марганец тотықтырғыш. Иодид анионды суда ерімейтін тұздарының тұзілуі арқылы анықтауға болады. PbI2қанық сары,AgI ашық сары, Hg2I2қызыл түсті болып келеді.

  45. Иод тірі ағзалардың өмір сүруі үшін аса қажет элемент. Академик Төрегелді Шармановтың ұсынысы бойынша қазіргі кезде ас тұзына ғана емес, нанды ашыту үшін қолданылатын ашытқыны да иодтайды. Сонымен қатар медицинада иодтың спирттегі ерітіндісі қан тоқтату үшін қолданылады.

  46. №1тапсырма Хлор және хлорсутектің бір –бірінен айырмашылығы: А) табиғатта таралуы; Б) аталған заттардың бірі натриимен әрекеттеспейді; В) Агрегаттық күйлеріне байланысты; Г) тығыздығына.

  47. Үйге тапсырма: Әдетте зертханада хлорды тұз қышқылынан әртүрлі тотықтырғыштармен( марганец диоксидінің, калий перманганаты және калий бихроматы) әсер етіп алады. Көлемі 89,6 л. (қ.ж) хлор алуға қажетті 30%- дық (ρ= 1.149г/мл.) тұз қышқылы ерітіндісінің көлемін табыңдар.

  48. Шешуі 4HCI+ MnO2 =CI2+MnCI2+2H2O 16HCI+2KMnO4 =4CI2+2KCI2+2MnCI2+8H2O 14HCI+K2Cr2O4 =3CI2+2KCI+2CrCI3+7H2O

More Related